Қазбриг «Мызғымас бауырластық-2013» халықаралық жаттығуына қатысуда
Бүгін Ресей федерациясы Қарулы Күштерінің Шұбаркөл полигонында ҰҚШҰ аясында бірлескен «Мызғымас бауырластық-2013» халықаралық жаттығуының қорытынды кезеңі басталды.
Армения, Белорусь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан қарулы күштерінен құралған коалициялық топтың әскери контингентінің құрамында жаттығуға қазақстандық бітімгерлік Қазбриг бригада да қатысады.
Практика жүзінде Іс-қимылдар қайырымдылық көмекке арналған жүктерді қабылдап алып белгіленген жерге жеткізуді ұйымдастырудан басталды. Жаттығудың мәні бойынша көп ұлтты топ өкілдері бітімгерлің операцияларды осылай бастайды. Бірақ тапсырмаларды орындау кезінде жаттығуды ұйымдастырушылар тарапынан жасанды түрде қиындықтар туғызылады. Жаттығудағы шартты түрдегі қиыншылықтар шын мәнінде болатын жағдайға жақындатылғандықтан бітімгерлерден әскери шеберлік пен білім, мол тәжірибе талап етіледі.
Операцияларды жүргізу барысында контингенттер экстремистік топтардың белсенділігі байқалған ауданды қшаулап, сондай-ақ бақылау өткізу пункттерін қойды. Қазақстан Аэроұтқыр әскерлері Қазбриг бөлімшелерінің күшімен ұтқыр бақылау өткізу пункттеріне – әуе патрулі әдісі қолданылды. Әскери сарапшылар әуе патрулі әдісін табысты қолдана білгенде мұндай әдістер бітімгерлік операциялардың жемісті аяқталуына септігін тигізетіндігін атап өтті.
Бүгін жоспарланған төрт тактикалық эпизодтың үшеуі жүзеге асырылады. Қазақстандық әскери қызметшілер жаттығудағы аталған эпизодтардың барлығына қатысады. Қазақстандық әскери қызметшілер жаттығу барысында қайырымдылық көмекке арналған жүктердің келуі кезінде белгіленген ауданды оқшаулап күзету, қайырымдылық көмекке арналған жүктер тиелген колонналарға жасалған шабуылға тойтарыс беру, жергілікті елді мекендерді, бақылау өткізу пункттеріндегі жұмыстың ұйымдастырылуын бақылау сияқты тапсырмаларды орындады.
– Қазақстан армиясының бөлімшелері кез-келген тапсырманы орындауға қабілетті әрі жақсы дайындалған. Қазақстандық әскери қызметшілермен жұмыс істеу өте ыңғайлы, себебі командирлердің біліктілігі жоғары, ал сарбаздар бұл жаттығуларға жақсы дайындалған,-деп Қазбригтің іс-қимылына жоғары баға берді оқу-жаттығу командирінің тәжірибе жөніндегі орынбасары полковник Рамиль Гилязов.
ҚР ҚМ Баспасөз қызметі
