Арсенал туралы мадақ олең
u shall speak қазақша атты экпериментінің 2-ші посты.
1-ші пост мына жақта:http://vash_the_stampede.yvision.kz/post/378011

Арсенал – ағылшын футбол премьер лигасының футбол клубы. Және де иә, мен Чарли Чаплин, ағылшын король әйелі Елизаветта, Фидель Кастро, Кевин Костнер, Сарра Мишель Геллар, Джиллиан Андерсон, Пафф Дэдди және көптеген тағы басқалар сияқты Арсеналдың жанкүйерімін ^_^.
Бұл әңгіме сонау 2000 жылдан басталды. Ол кезде мен ФИФА деген ойынды енді-енді алып, бірінші қолдың астына түскен клубты таңдап, ойнай бастадым да, басталды...Тек қана Арсенал, тек қана хардкор ^_^

Арсенал туралы көптеген нәрсе айта алуға болады, ал мен болсам, қысқа ғана Арсенал туралы және неліктен біз оны құрметтеп жақсы көретініміз туралы топ-6 нәрсе жазғым келіп отыр.
- 2003/2004 жылдар – Ағылшын премьер лигасының 12-ші сезоны. Осы сезонда Арсенал лигада ұтылған емес. Бұл бірінші және одан кейінгі жалғыз бір көрсеткіш. Ал егер сіздер Престон Норт Энд клубы туралы айтатын болсаңыз – ол кезде Ағылшын Премьер Лига деген турнир болған жоқ -_- ^_^
- Арсенал Англияның 20-ші ғасырдағы үздік клубы атағымен ресми түрде марапатталған. Бұған себебі – Арсенал англияның ең жоғарғы дивизионында өткізген ойындар көрсеткіші бойынша бірінші орында тұр. Соңғы рет 2-ші дивизионның клубы ретінде Арсенал 1919/1920 жылдар сезонында ойнаған.
- Жанкүйерлер Арсеналды теледидардан 1927 жылы көре алды. Бұл тарихтағы бірінші футбол телетрансляциясы болған. Арсенал Шеффилд Юнайтедті өзінің Хайбери стадионында қабылдап, матч 1-1 деген есеппен аяқталды.
- Клубтың жаттықтырушылар штабы “дубль-вэ” деген тактиканы ойлап тауып, оны сәттілікпен қолданған алғаш мамандар болып табылады. Қазіргі кезде де Арсенал ойындары өзінің әсем және де өте қызықты көрінісімен көзге түсіп, футбол әлемін қуантады.
- Қазіргі Арсенал - бұл Арсен Венгер (аты аңызға айналған маман), Джек Уилшир, Санти Касорла. Месут Озил, Аарон Рэмзи (бұл ойыншы туралы жеке бір пост жазуға болады ^_^), Окслейд Чемберлен, Томас Вермален, Пер Мертазакер және Бакари Санья. Осылар арқасында біз Англияның топ клубы ретінде әлемге әйгіліміз ^_^
- Арсенал жас ойыншыларды тауып, олардың профессионалды дамуына, үлкен футболшы болып айналуына үлкен назар аударатын клубтардың бірі.
FAQ: Неге арсенал ойыншылары мен жанкүйерлері гУннерс деп аталады?
Gunners емес Goonners. Футбол жанкүйерлерінің бәрі гуннерс туралы біледі. Бірақ неліктен солай? Біріншіден, Арсенал қару-жарақ фабрикасының жумыскерлерімен құрылған. Екіншіден, қала аңызына сүйенсек, бір күні скандинавтар, әрине өзінің қызық акцентін қолданып, Англияға келіп, Арсенал ойыншыларын гАннерс емес, гУннерс деп айтқан. Ағылшындар оған қызығып, содан бері Арсеналға қалай болса да байланысқан адамдар гУннерс деп атанатын болд. Үшіншіден, гуннерс деген қылмысерлер тобы болған дейді...-_-

...
Ал сіздер қандай футбол клубының жанкүйерісіз?
if you have something to add, please, you are welcome
...
