Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Шымкентте Садақ ату спорт кешені ашылды

Садақ ату спорт кешені

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласындағы Қажымұқан атындағы орталық стадион аумағынан «Садақ ату спорт кешені» ашылды. Бұл туралы ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Спорт кешені 0,72 гектар аумақта орналасқан. Оның құрылысы 2012 жылы шілде айында басталып, спорт нысаны 2013 жылы қазан айында аяқталды. «Құрылысқа облыстық бюджеттен 127,0 млн. теңге қаржы қаралып, толығымен игерілген. Осы күнге дейін Шымкент қаласында мұндай оқу-жаттығу орталығы болмаған. Спорт саласы мамандарының ұсынысымен облыс әкімінің қолдауымен аяқталған спорт нысаны бір мезетте 60 садақ ату спортшысын қабылдауға мүмкіндік алып отыр», делінген баспасөз баянында.

АСТАНА. ҚазАқпарат - Автор: Қанат Мәметқазыұлы
 
0
0
1433

Осы тақырып бойынша

Шымкентте Садақ ату спорт кешені ашылды - Yvision.kz