Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

БОКС: Әділбек Ниязымбетов — жартылай финалда

Әділбек Ниязымбетов

Лондон Олимпиадасының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов біздің құрама сапындағы жартылай финалға өткен кезекті боксшы атанды, деп хабарлады sports.kz.

81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Әділбек 1/2 финалға шығу үшін үнді боксшысы Сумит Сангванмен кім мықтыны анықтаған.

Кездесу қорытындысында қазақстандық спортшының мерейі үстем болды.

Еске сала кетейік, бұған дейін жартылай финал жолдамасына Біржан Жақыпов (49 кг), Қайрат Ералиев (56 кг), Берік Әбдірахманов (60 кг), Мерей Ақшалов (64 кг), Данияр Елеусінов (69 кг), Жәнібек Әлімханұлы (75 кг) және Иван Дычко (91 кг) ие болған еді.

 

АСТАНА. ҚазАқпарат

 
0
0
298

Осы тақырып бойынша

БОКС: Әділбек Ниязымбетов — жартылай финалда - Yvision.kz