Бокстан Әлем чемпионаты мәресіне жетті
Бокстан 14 қазан күні жалауын көтерген Әлем чемпионаты да мәресіне жетті. Мырзағали Айтжанов баптайтын Қазақстан құрамасы 4 алтын, 2 күміс және 2 қола иеленіп, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға көтерілді. 49 келі Бұл салмақ дәрежесінде жерлесіміз Біржан Жақыпов қарсыластарының барлығына мықтылығын танытып, алтыннан алқа тақты. Жерлесіміз алтын алқаға оңай қол жеткізген жоқ. Ресейлік Белик Галановты, пуэрто-рикалық Чакон Риберуды, жартылай финалда кубалық Йосбани Вейтиа Сотоны тізе бүктірді. Ал ақтық сында алжирлік Мохаммед Флиссиді сенімді түрде жеңді. Осылайша Қазақстан құрамасында 2005 жылдан бері тер төгіп келе жатқан Оңтүстік Қазақстан өлкесінің тумасы Әлем чемпионы атанды. Енді Біржанның шаршы алаңға шығу, шықпауы алдағы уақытта белгілі болмақ. Алтын – Біржан Жақыпов (Қазақстан)…