Мазмұнға өту

Жаңа

Семей полициясы жол қиылысында әйел адамды қағып кеткен жүргізушіге іздеу салды

Шығыс Қазақстан облысының полициясы Семей қаласында 44 жастағы әйел адамды қағып кеткен автомобиль жүргізушісіне іздеу жариялады. Автомобиль маркасы анықталған жоқ. Зардап шегуші әйел ауыр жарақаттарымен оқиға орнынан ауруханаға жеткізілді. Жол-көлік оқиғасы Қаржаубайұлы-Шұғаев көшелерінің қиылысындағы жаяу жүргіншілер өтетін жерде орын алды. Жүргізуші оқиға орнынан ізін суытты.   

Полиция оқиға куәгерлерін, қандай да бір ақпараты бар азаматтарды Семей қаласының жол полициясы басқармасына 77-70-81, 77-60-05 телефондары бойынша немесе 77-46-76 нөміріне іздеу бөліміне хабарласуды сұрайды.

http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/mvd/mvd_page/mvd_news_smi/mvd_smi/EA5C3DC42C4C130DE044002655122E6A

0
0
361

«Шапағат» клубының ұйымдастыруымен 25-ші қазан Филология факультетінің ғимаратында дәстүрлі қайырымдылық жәрмеңкесі өтті.

"Шапағат" клубының ұйымдастыруымен 25-ші қазан Филология факультетінің ғимаратында дәстүрлі қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкенің мақсаты мүмкінділігі жектеулі жандарға қол ұшын соза отырып, жастарды мейірімділікке шақыру. Жәрмеңкеде қазақтың ұлттық тағамдарымен қатар өзгеде ұлттардың тағамдары қойылды.  Келушілен өздерінің ізгі ниеттерін білдірді.

 


0
0
767

Қазақ тілін үйренуде жаңа әдіс

Ювиде қазақ тілін үйренгісі келетін жастардың көптігіне сенімім мол, сол қазақ тілін үйренгісі келетін жандарға арналған бағдарлама жайлы ой салсам деп ем... Телеарнадағы қазақ тілін үйренетін бағдарламаларды көрген кезде кәдімгідей күлкім келетін... Мүмкін, қазақ тілін өзім білгесін үйрету әдістері бір түрлі көрінгеннен кейін шығар... Ал сол бағдарламалардың шынымен қазақ тілін үйреткендерін көрдіңіздер ме? Себебі, ешкім ол бағдарламалар қорытындысын шығарып, бағдарлама бойынша қанша адам тіл үйреніп қанша адамға көмектескенін бақыламаған еді... Кейде осы тіл мәселелсін көтерген кезде бізде тек айқайлау бар да, нақты іс жоқтай боп көрінетін. Әлі де тіл мәселесі қазақ елінде жүрсек те өзекті тақырыпқа айналып отыр. Шынымды айтсам телеарналардағы тіл туралы бағдарламалар неге нақты іс әрек…

0
0
721

Латын әліпбиіне көшу – тарихпен қош айтысу

Қазіргі уақытта еліміздің басты проблемасына айналып отырған ең өзекті тақырыптардың бірі – әліпбиіміздің өзгеруі, яғни қалыптасқан дәстүрді бұзып, кириллицадан латын әрпіне көшу. Ең өзекті деуіміздің де себебі сол, жоғарыда отырған шенеуніктер, министрлер бұл мәселеге кенедей қадалуда. Ал бұны қарапайым халық қолдай ма, әлде қарсы ма, мұнымен санасып жатқан ешкім жоқ. Қазақстан халқы өз тәуелсіздігін жариялағаннан бері, бүгінгі қолданыста жүрген кириллицадан латын алфавитіне көшу мәселесі жөнінде пікірлер біресе жиі, біресе саябырси айтылып келеді. Қазіргі қолданыстағы кириллица – қазақ тарихындағы төртінші алфавит екені бәрімізге мәлім. Сонау сақ дәуірі, түркі дәуірі кезеңіндегі ата-бабалаларымыз өздері ойлап тауып, енгізген, құрастырған алфавиттен басқалары бодандықтың кебімен күштеп е…

1
0
2383

Қазіргі жастар – болашақ ата-ана

Әлеуметтік проблеманың елімізде белең алған түрі – жастардың некелесіп, артынан қайта айрылысуы. Бұл мәселе қаламызда да өршіп тұр. Бұның өзіндік бірнеше себептері де бар. Отбасы және неке туралы заңға байланысты қазіргі жастар арасындағы неке құру үшін қажетті жағдай – екі жастың да кәмелетке келуі, яғни 18 жасқа толуы болып есептеледі. Халқымыз да осы жас мөлшерін дұрыс деп санайды, бұл уақытқа дейін ұлын үйлендіруге, қызын ұзатпауға тырысады. Себебі, әрбір ата-ана ұл-қызының оқу бітіріп, өз бетінше өмір сүруге дайын болған кезде ғана үйленіп, үй болуын қалайды. Орта мектепті 17-18 жасқа толмай, жоғарғы оқу орнын 21-22 жасқа толмай бітіре алмайтындықтан, сонымен қатар өмірлік жарын таңдау жастардың өз қалауында болуы себебі, неке құру деңгейі қазіргі уақытта бұрынғымен салыстырғанда бір…

1
0
625

Қорықтың басты мәселесі

Арал қаласындағы ерекше орындар туралы сөз еткенде, оның аумағында орналасқан Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығына тоқталмай өтпеске болмайды. Бұл қасиетті мекен бір кездері Арал теңізінің бергі жағалауындағы өзінше бір арал болатын. Кейінгі жылдары теңіз суының күрт тартылуына байланысты ол бертін келе құрлықпен қосылып кетіп, өзінің арал ретіндегі статусын жоғалтып алды. Ашық аспан аясынан ойып тұрып орын алатын бұл қорық қазіргі таңда Қазақстандағы белгілі алты мемлекеттік қорықтың қатарында жан-жануарларды қорғау мақсатында жұмыс жасап келеді. Барсакелмес қорығы Арал теңізінің солтүстік-батыс бөлігіндегі өзі аттас шөлейтті аралда орналасқан. Бұл қорық 1929 жылы тапсырма беруші орган ретінде құрылып, араға он жыл салып, 1939 жылы 10 желтоқсан күні мемлекеттік қорық мәртебесіне ие бо…

1
0
1193

Өкінішке толы матчтар немесе соңғы уақыт синдромы

Қазақ футболына биыл 100 жыл толды деп жатырмыз. Аз уақыт емес әрине, бүтіндей бір мемлекеттің құрылып, қалыптаса алатынындай ұзақ мерзім. Атандай бір ғасыр. Еліміздің осы уақыттарға дейін не көріп, нені бастан өткергені баршамызға мәлім. Сол уақыттармен түйдей құрдас деп айтсақ, артық айтқанымыз емес. Айтып-айтпай не керек, сол ұзақ мерзімнің ішінде қазақ футболы сан құбылды, мың түрленді. Бірде өзінің сала-құлаш ойынымен (ащы да болса шындық) елдің көңілінен шықпай жатса, бірде жақсы ойын мәнерімен жеңіске жетіп, жанкүйерлердің ынта-ықыласына бөленді. Бірақ шаттанып, кеудемізді қуаныш кернеген сәттерден гөрі, жүзімізден сол қуаныштан жиырылған езулердің жоғалған сәттері көп болды. «Әттеген-ай!» дейтін кездеріміз де өте көп. Сөздің шыны керек, ұлттық құрамамыздың әрбір ойынының алдында «…

1
0
495

Мемлекеттік тіл сайысы: Сарыөзектегі әскерилер бас жүлде иегері

Сарыөзек әскери гарнизонының әскери қызметшілерінен құралған «Шаңырақ» командасы Қазақстан халықтары тілдері күніне орай он бес әкімшілік округ арасындағы өткізілген байқауда бас жүлдені жеңіп алды. Байқауға қатысушылар ұсынылған мақал-мәтелдерді қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне аудару арқылы оларды меңгеру деңгейлерін паш етті. Үш турдан тұратын байқаудың мақсаты мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру және қолданыс аясын кеңейту болды. Сайыс соңында он бес команда ішінен суырылып шыққан әскерилер старшина Қуат Ибраимов, 3-сыныпты сержант Азамат Байысқақов, старшина Жұмағазы Ахметов және сержант Қарлығаш Мұстафаева, сержант Гүлжан Сейдахметовалардан тұратын команда өздерінің нағыз тіл жанашырлары екенін танытты, әскерлердегі мемлекеттік тілді дамытудың шоқтығы жоғары екенін делелдеді. Бүгінг…

0
0
469

«Қазақстанда» шетелдік телехикаялар үлесі азаяды

2013 жылдың 11-қарашасынан «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының хабар тарату кестесі өзгереді. Ұлттық телеарна шетелдік телехикаялардың қомақты бөлігін азайтып, отандық телехикаялардың санын арттыруды көздейді, деп хабарлады баспасөз қызметі. Отандық жобалар мен телехикаялардың санын арттыру - бұл әлемдік үрдіс. «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының басшылығы отандық телехикаялардың көлемін ұлғайтып қана қоймай, олардың сапасын да арттыруды көздейді. «Қазақстан»ҰТА 2006 жылы алғаш рет түрік және корей телехикаяларын көрермен назарына ұсынды. 2009 жылы Ұлттық телеарна тұңғыш отандық өнім «Ағайынды» телехикаясын көрсетті. 7 жыл ішінде телеарнаның ішкі өнімдерінің саны да, сапасы да үздіксіз артып, отандық телехикаялардың қомақты мұрағаты қалыптасты. Солардың ішінде «Туған елдің түтіні», «Ұлжан», «Па…

0
0
725

«Жастар кадрлық резерві — 2013» жобасы

«Жастар кадрлық резерві – 2013» жобасы 2013 жылдың қараша айының 1 және 4 аралығында Ақмола облысында «Жастар кадрлық резерві - 2013» жобасы аясында ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен бірінші білім беру модулі өткізілуде. 2013 жылдың 25 қыркүйегімен 5 қазан аралығында еліміздің барлық аймақтарында өткізілген сұхбаттасу қорытындылары бойынша 345 үміткерден 65 қатысушы таңдалып алынды. Бірінші білім беру модуліне қатысу үшін іріктелген қатысушыларға жеке жоба дайындау қажет болатын, жобаны ұсыну және қорғау 1 қарашаға белгіленген. Бірінші білім беру модулі бағдарламасының аясында қатысушыларға ынталандыру, өмірді стратегиялық жоспарлау, жетістікке жету жолдарын басқару, өнімді инновациялық белсенділікті арттыру, функционалды презентация дағдыларына үйрету, ой-өрісті дамыту және с…

0
0
1406