Мазмұнға өту

Жаңа

«Барыстың» хоккейшілері В.Крикуновты отставкаға «жіберді»

«Барыстың» кешегі қарсыласы «Нефтехимик» хоккей клубының бас бапкері Владимир Крикуновты отставкаға жіберді. Бүгіннен бастап Нижнекамск қаласының хоккей клубы мен тәжірибелі бапкер арасындағы келісімшарттың күші жойылды. Күні кеше ғана В.Крикунов бастап келген команда «Барыстан» 5:1 есебімен ұтылған болатын. Бұған дейін олар сегіз мәрте қатарынан жеңіліп, «Юграны» бір ұтқаннан кейін «Автомобилистен» тағы да жеңілді. Ал Астана қаласының «Барыс» хоккей клубымен өткізген ойыннан кейін В.Крикуновты отставкаға жіберді. «Нефтехимик» хоккей клубының бас директоры Рафик Якубов бас бапкердің отставкасын команданың сәтсіз ойын көрсетуімен байланысты деп отыр. Қазір бас бапкердің міндетін атқарушы қызметіне Дмитрий Балмин тағайындалды. Айта кеткен жөн, «Нефтехимик» командасына дейін В.Крикунов «Бары…

0
0
378

Қазақстан бокс федерациясының президенті Әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады

Астанада АИБА вице-президенті, Қазақстан бокс федерациясының президенті Тимур Құлыбаев бокстан Қазақстан Республикасы ұлттық құрамасының спортшылары және жаттықтырушыларымен кездесті. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметінен хабарланды. Т. Құлыбаев ұлттық құрама мүшелерін әлем чемпионатында қол жеткізген тамаша нәтижемен құттықтады. 4 алтын, 2 күміс, 2 қола жүлдемен жалпыкомандалық есепте бірінші орын алған қазақстандық боксшылар алғаш рет рет мұндай жетістікке қол жеткізіп отырғанын атап өткен Қазақстан бокс федерациясының президенті әлем біріншілігінің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, жаттықтырушылар құрамы мен кешенді ғылыми топ мүшелеріне сыйлықтар табыс етті. Федерация басшысы әлем чемпионатына дайындыққа және оны өткізуге үлес қосқандардың барлығына ризашылығын б…

0
0
347

Хоккей: «Барыстың» бүгінгі қарсыласы — «Салават Юлаев»

Бүгін Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы өз алаңында «Салават Юлаев» (Башқұртстан, Уфа) командасын қабылдайды.

Статистикаға сәйкес, осы уақытқа дейін екі команда 16 рет күш сынасқан болатын. Соның 10 кездесуінде «Салават Юлаевтың» жолы болса, «Барыс» өз қарсыласын 6 мәрте жеңді. Дегенмен, биылғы чемпионатта астаналық клубтың көрсеткіші жоғары болып тұр. Құрлықтық хоккей лигасының жалпы турнирлік кестесінде «Барыс» 49 ұпаймен 4-ші орында келеді. Ал «Салават Юлаевтың» еншісінде 43 ұпай бар. Команда 6-шы орынға орналасты.

Айта кетейік, бүгінгі ойын кешкі сағат 19:00-де басталады. Оны «KAZsport» телеарнасы тікелей эфир арқылы көрсетеді.

АСТАНА. ҚазАқпарат - Автор: Арман Асқаров
0
0
278

Роналду ФИФА-ның марапаттарынан бас тартуы мүмкін

«Реал» футбол клубының жартылай қорғаушысы Криштиану Роналду алдағы уақытта болатын ФИФА ұйымдастыратын әр түрлі марапаттаулар мен салтанатты кештерге қатысудан бас тартуы мүмкін. Ойыннан от шығады демекші, ФИФА президенті Йозеф Блаттер мен Роналду арасындағы кикілжіңдердің арты осындай болды. Роналду мен Мессиді бұған дейін де талай адамдар салыстырған, бірақ Блаттер мырзаның ащы сөзі мен мазағы Роналдуның шамына тиіп кетсе керек. Онымен қоймай ФИФА басшысы әжуалы сөзін қимылмен әрлей түскен көрінеді. Мадрид командасы Блаттерден бұл пантомимосының мәнін түсіндіруді талап етті. Ал Роналду өзінің фейсбугтегі парақшасында бұл мәлімдемеге жауап ретінде ФИФА-ның қартайып қалған басшысына денсаулық пен ұзақ ғұмыр тіледі. Блаттер кешірім сұрағанымен, Роналду алда келе жатқан «Алтын доптың» мара…

0
0
368

Фергюсонның кітабы сатылым жағынан рекорд орнатты

Ағылшынның атақты «Манчестер Юнайтед» клубының жаттықтырушысы сэр Алекс Фергюсонның автобиографиясы Ұлыбританияда сатылымы жағынан рекорд орнатты, деп жазады Daily Mirror. Алғашқы аптаның өзінде кітаптың 115547 данасы сатылып кеткен. Ал бұл өз кезегінде рекордтық көрсеткіш. Осы бір аралықта жалпы есепте алғанда Ұлыбританияда кітап сатудан түскен қаржы 30.7 млн фунт стерлингті құраған, оның ішінде 1.4 миллионы әйгілі шотландықтың автобиографиясына жұмсалып отыр. Естеріңізге сала отырсақ, жақында Манчестер қаласында сэр Алекс Фергюсонның құрметіне көше аты берілген болатын. «Олд Траффорд» стадионының маңына орналасқан «Уотерс Рич» көшесі енді «Алекс Фергюсон» көшесі деп аталады. Бұған дейін де «Олд Траффорд» стадионының бір бөлік мінбесінде «қызыл сойқандарды» 26 жыл жаттықтырған жаттықтыру…

0
0
528

Қазақ лирикалық әндері

Бұл әндер өзінің музыкалық байлығы, әсем де әсерлі ән-әуезімен көркем өнердің жоғары дәрежелі үлгісі болып саналады.http://el.kz/bm77560

0
0
2870

БҚО-да баланы құтқарып қалған полицей өзін ерлік жасадым деп санамайды

Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық ішкі істер бөлімінің учаскелік полицейі Ыдырыс Зейнуллин баланы құтқарып қалған әрекетін өзінің азаматтық борышы деп санайды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі БҚО ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. Полицейдің ерлігін күллі облыс халқы біледі. Өңірдегі танымал ақын Бауыржан Қалиолла БҚО ІІД-нің басшылығына жолдаған алғыс хатында былай деп жазады: «Сырым ауданындағы Қособа ауылында той өткізетін орын болмағандықтан тұрғындар тойды аудандағы мекемелерге келіп өткізеді. 6 сәуірде аудан орталығындағы «Жұлдыз» дәмханасында туысқандардың бірінің үйлену тойы өтіп жатты. Үлкендер той қамымымен жүргенде Ерқатпен ойнап жүрген кішкене балалар оның қалдық, сарқын су төгілетін шұңқырға түсіп кеткенін айтқан. Тойға келген қонақтардың арасында болған Сыр…

0
0
533

Жетісу өңірінің күйшілік дәстүрі

Махмұд Қашқаридың «Түркі тілдерінің сөздігі» атты әйгілі зерттеу еңбегінде «күй» сөзінің төркіні көне түркінің «көк» сөзінен шығуы мүмкін деген болжам жасайды.http://el.kz/bm77530

0
0
558