Қытай: Олимпиада чемпионы бір аптаға түрмеге жабылды
Спортшы Weibo (Twitter-дің қытайлық баламасы) парақшасындағы өзінің оқырмандарынан кешірім сұраған көрінеді.
Жүзушіні жексенбіде Қытайдың шығысындағы Гуанчжоу қаласында оның көлігінің артына автобус соғылған кезде ұстаған екен.
Лондон Олимпиада ойындарында екі алтын медаль иеленген 21 жасар спортшы бұл оқиғаны қателік деп атап өтті. Осы орайда ол өзінің бар уақытын жаттығуға арнағандықтан, заңнаманы дұрыс білмейтіндігін алға тартуда.




