Заңсыз аңшылықпен күрес жөнінде
3-ші қараша күні Ырғыз-Торғай, «Алтын-Дала» мемлекеттік табиғи резерваттарының, «Охотзоопром» мемлекеттік кәсіпорнының және Ақтөбе облыстық ішкі істер департаментінің қызметкерлері бірігіп, Жайсаңбай селолық округі аумағында заңсыз аңшылықпен айналысқан Қызылорда облысының тұрғандарын әшкереледі.
