Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақстан мен Иран әскери-теңіз ынтымақтастығын нығайтуда

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы контр-адмирал Жандарбек Жанзақов бастаған қазақстандық делегация Иран Ислам республикасында болды.

Сапар аясында Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы бірқатар кездесулер өткізді, онда әскери-теңіз саласындағы қазақстан-иран ынтымақтастығын  кеңейту мәселелері талқыланды.

Қазақстандық тарап осы өңірде бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау жөніндегі тату көршілік қарым-қатынасты нығайту мақсатында Каспий маңы мемлекеттерімен ынтымақтастық жасаудың маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ жұмыс сапарының барасында Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы Иранның оқу-жаттығу орталықтарына – Әскери-теңіз базасына және Хомейни атындағы Әскери-теңіз институтына барып, онда ирандық әріптестердің соңғы жетістіктерімен және жаңа технологиялармен танысты.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

 
0
0
335

Осы тақырып бойынша