Мазмұнға өту

Жаңа

«Нұр Отан» партиясында шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мәселелері талқыланды

Кәсіпкерлік субъектілері үшін әкімшілік кедергілерді қысқарту мәселелері  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айгүл Соловьеваның төрағалығымен «Нұр Отан» партиясы жанындағы сараптама тобының отырысында талқыланды.

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2013/11/3128-83/

0
0
224

В «Нұр Отане» обсудили вопросы поддержки малого и среднего предпринимательства

Вопросы по сокращению административных барьеров для субъектов предпринимательства были обсуждены на заседании  экспертной группы при партии «Нұр Отан» под председательством депутата Мажилиса Парламента РК Айгуль Соловьевой.

 

http://www.eco.gov.kz/new2012/2013/11/3128-83/

0
0
223

Бүгін Астанада Қорғаныс министрлігінде ведомство басшысы Әділбек Жақсыбеков АҚШ-тың Қазақстандағы уақытша сенімді өкілі Джон Ордвейді қабылдады

Бүгін Астанада Қорғаныс министрлігінде ведомство басшысы Әділбек Жақсыбеков АҚШ-тың Қазақстандағы уақытша сенімді өкілі Джон Ордвейді қабылдады. Кездесу барысында тараптар Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарымен стратегиялық әріптестік шеңберіндегі қорғаныс саласындағы әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.

– Екі ел көшбасшыларының жемісті саяси үнқатысуының арқасында қазіргі таңда әскери саладағы қазақ-америка ынтымақтастығы жеткілікті деңгейде дамуда. Біз үшін бітімгершілік мәселелері, әскери-техникалық саладағы өзара іс-қимыл, сондай-ақ әскери білім саласындағы ынтымақтастық Қазақстан мен АҚШ әскери ведомстволары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мен нығайтудың басым бағыты болып табылады.

Өз кезегінде Джон Ордвей АҚШ пен Қазақстанның әскери саладағы ынтымақтастығы соңғы жылдары белсенді дамып отырғанын және АҚШ-тың «KADEX-2014» ІІІ халықаралық қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесіне қатысуға қызығушылық танытып отырғанын атап өтті.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
364

Шымкент қаласында «Дін және әйел» атты форум өтті

2013 жылдың 7 қараша күні Шымкент қаласында Қазақстан Республикасының Дін істері агенттігі Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйел істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиямен, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігімен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен, «Үлес-2020» қоғамдық қорымен бірлесіп «Дін және әйел» атты форум өткізді.

Форум жұмысына Парламент Мәжілісініңдепутаттары, Дін істері агенттігінің, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйел істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің, Қазақстан Республикасы Білім дәне ғылым министрлігінің өкілдері, жоғарғы оқу орындарының студенттері, ғалымдар, оқытушылар, мәдениет қайраткерлері, қоғам қайраткерлері және БАҚ өкілдері қатысты.

Бұл Форум ағымдағыжылдың 4 наурыз күні Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде, а. ж. 11 сәуірде Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде, а. ж. 16 мамыр күні Көкшетау қаласында Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде, а. ж. 17 қыркүйек күні Павлодар қаласында С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде және а. ж. 30 қазанда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде өткен іс-шаралардың жалғасы болды.

Форумда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Оразкүл Асанғазықызы Асанғазы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Әсембекұлы Қаныбеков, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйел істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия хатшылығының консультанты Камал Әбілқасымқызы Әлпейісова құттықтау сөз сөйлеп, сондай-ақ, Дін істері агенттігі Төрағасыныңорынбасары Ғалым Нұрмағамбетұлы Шойкин, ҚР Дін істері агенттігінің Діни оқу орындармен байланыс және діни сараптама басқармасының басшысы, филология ғылымдарының кандидаты Айнұр Әбдірәсілқызы, және де Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы Бейбіт Әліпбекұлы Мырзагелдиев баяндама жасады.

Жалпы алғанда, Форум қатысушылары жастарға қазақ халқының дәстүрлі құндылықтары негізінде тәрбиеберу, отбасы және неке институтын сақтаужәне насихаттау, сондай-ақ, рухани-адамгершілік құндылықтарды, конфессиялық келісімді, этникалық толеранттылықты, әйел мәртебесі мен құқын сақтаужәне нығайту мәселелерін талқылады.

   

Жалпы алғанда, Форум қатысушылары жастарға қазақ халқының дәстүрлі құндылықтары негізінде тәрбиеберу, отбасы және неке институтын сақтаужәне насихаттау, сондай-ақ, рухани-адамгершілік құндылықтарды, конфессиялық келісімді, этникалық толеранттылықты, әйел мәртебесі мен құқын сақтаужәне нығайту мәселелерін талқылады.

 
0
0
773

Мүгедектердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша Бас прокуратураның алқа мәжілісі туралы баспасөз ақпараты

Бүгін Бас Прокурор Асхат Дауылбаевтың төрағалығымен Бас прокуратураның алқа мәжілісі болып өтті, онда мүгедектердің және  қарттар үйлеріндегі адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері қаралады.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/mugedekterdin-kukyktaryn-korgau-mseleleri-boyynsha-bas-prokuraturanyn-alka

0
0
590

Республиканский социально-образовательный проект «Егемен Қазақстан»

 
В соответствии с Посланием Президента Республики Казахстан Н.А.Назарбаева в области обеспечения развития государственного языка, а также  празднования 300-летия Абылай хана и 22-ой годовщины Независимости Республики Казахстан, Казахский Гуманитарно-Юридический Университет организует Республиканский интеллектуальный конкурс «Егемен Қазақстан».

Двадцать два победителя конкурса получат возможность бесплатного обучения в Казахском Гуманитарно-Юридическом Университете по выбранным ими специальностям.
Основная цель конкурса: «Содействие развитию казахского языка и знанию истории Казахстана».

Участники: В конкурсе могут принять участие учащиеся выпускных классов средних школ, школ-лицеев, школ-гимназий.

Содержание конкурса:
Конкурс проводится в два этапа:
Первый этап: «Дистанционный этап» - предоставление участниками конкурса эссе. Участник конкурса должен пройти обязательную регистрацию на сайте www.kazguu.kz.

Второй этап: «Экзамен». 13 декабря 2013 года в головном корпусе АО «КазГЮУ» пройдет финальная часть конкурса. В ходе финального этапа участники пройдут комплексный экзамен:
1. Тест – на знание казахского языка и истории Казахстана;
2. Собеседование -  на определение уровня культуры речи и эрудиции.
Соискатели, прошедшие тестирование, допускаются к собеседованию.

Сроки подачи заявок: с 21 октября по 21 ноября 2013 года. Заявки и эссе подаются единовременно, в электронном и бумажном варианте.

Организаторы: Конкурс проводится Казахским Гуманитарно-Юридическим Университетом, который обеспечивает его необходимое организационное, экспертное и информационное сопровождение.

КазГЮУ утверждает состав Конкурсной комиссии и Оргкомитета, определяет источник финансирования и объем средств на проведение данного конкурса, определяет сроки проведения конкурса и срок реализации грантов, обеспечивает рассылку или иное информационное сообщение о конкурсе. Конкурсная комиссия осуществляет контроль за соблюдением открытости, доступности, объективности, гласности при рассмотрении заявок, работ и определении победителей конкурса, проверяет соответствие представленных заявок и работ условиям конкурса, проводит конкурсный отбор наиболее перспективных заявок, работ участников конкурса, принимает итоговое решение по определению победителей конкурса, о предоставлении гранта, либо об отклонении заявки.
Конкурсные работы участникам не возвращаются.

Специальности, по которым предоставляются образовательные гранты и темы для эссе:

Высшая школа международного права и международных отношений:
«Международное право» - 3 гранта:
«Отан неден басталады?»;
«Саяси тұрақтылық – мемлекетіміздің табысты даму кепілі».
«Переводческое дело» – 2 гранта:
«Қазақ пен қазақ қазақша сөйлессін».

Высшая школа национального права:
«Юриспруденция» – 3 гранта:
«Тамыры тереңде жатқан қазақ құқығы»;
«Қазақстандағы адам және қоғам»;
«Патриот болу әрбір қазақтың парызы».
«Правоохранительная деятельность» – 2 гранта:
«Менің міндетім - қызмет ету және қорғау»;
«Заң және құқықтық тәртіп».

Высшая школа экономики, бизнеса и социальных наук:
«Финансы» – 2 гранта:
«Қазақстан 2050» стратегиясының жүзеге асуы».
«Менеджмент» – 2 гранта:
«Н.Ә. Назарбаев – Егемен Қазақстанның тұңғыш Президенті».
«Экономика» – 2 гранта:
«EXPO-2017 – жаңа экономикалық шыңдау – жаңа мүмкіндіктер»)
«Учет и аудит» – 2 гранта:
«Қазақстан 22 жылда»;
«Заманауи Қазақстан және оның даму жолдары».
«Психология» – 2 гранта:
«22 жыл ішіндегі бейбітшілік, келісім және жасампаздық».
«Туризм» – 2 гранта:
«Астананың гүлденуі – бұл Қазақстанның имиджі»;
«Егемен Қазақстан: өткенге  көз тастау және бүгінгі күн».
1
0
1193

Жарық дүнием менің!

Жарық дүнием менің!

Бүгін бір жақсы түс көрдім. Түсімде сенің анаң келіп, біздің үйдің төбесін әктеп жүр екен.

Жақсылыққа жорыдым, кім біледі,, бәрі мүмкін.

"Адаспайтын тұяқ жоқ, қайта үйірін тапса" - дейді қазақ

Бұл өмір ғой.

Сенің әжең

0
0
528

«Ән шаңырақ» / «Семейная гармония» в вопросах и ответах

Музыкальный проект «Ән шаңырақ» / «Семейная гармония» уникален не только для Казахстана, но и для всего мира. Взяв за основу оригинальное шоу от британской компании FremantleMedia, профессионалы из «31 канала» внесли в него значительные изменения, так что теперь оно не только соответствует местной ментальности, но и звучит, и выглядит гораздо интересней и динамичнее. В это видео вы найдете ответы участников и создателей шоу на такие важные вопросы, как: в чем, по их мнению, заключаются семейные ценности? Что понадобится от участников для победы? Чем эта программа будет интересна зрителям? И многих других.

1
0
443

egov.kz жайлы қысқаша сөз

Кіріспе.

Осыдан 7-8 жыл ғана бұрын елімізде интернет арқылы некеге тұруға немесе коммуналды қызметттерге төлем жасауға, басқа да анықтамаларды көп уақыт пен кезекке тұрмайалуға болады  десе сенер ме едіңіз??? Әрине жоқ! Ал қазір ол жағдайлар үйреншікті жағдайға айналып кетті.

Еліміз халықаралық қауымдастықтың бір мүшесі  болғандықтан, әлемде болып жатқан үрдістер Қазақстанды айналып өтпей қоймайды. Сол себепті қазіргі таңда көптеген мемлекеттерде ақпараттық технологиялардың көмегімен біраз іс-шаралар атқарылуда.  Атап айтқанда  мемлекеттік мекемелердегі дерекқорларда жиналып қалған түрлі  мәліметтер толықтырылып қана қоймай басқа да пайдалы шаруаларға кәдеге асып, ҚР азаматтарының мемлекетпен қарым-қатынасы  кезінде уақытын үнемдеуге септігін тигізіп жатыр.  Әлемнің көп елінде жалпы атаумен «электронды үкімет» аталған жоба  6 жыл  бұрын Қазақстанда да дүниеге келіп, қзіргі кезде қарқынды даму сатысын бастан өткеруде.  Электронды үкіметтің басты мақсаты- мемлекет пен азаматтар арасындағы қарым-қатынасты барынша оңтайландыру, мемлекеттік қызметтерді  жылдам әрі сапалы көрсету.

Халықаралық  дәреже.

Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің кезінде жүзеге асырыла бастаған жоба біраз жетістіктерге де жетіп үлгерді. Атап айтқанда 2010 жылы БҰҰ рейтингісінде 46 орында болса, 2012 жылы 8 орынды артқа  тастап 38 орынға көтерілді. Және бұл көрсеткіш ары қарай жақсарады деген сенімдеміз.

CountryE-Government 2012Rank
2012
Rank
2010
Rank Change
Hungary0.72013127-4
Italy0.71903238+6
Portugal0.71653339+6
Ireland0.71493421-13
Malta0.71313530-5
Bahrain0.69463613-23
Greece0.68723741+4
Kazakhstan0.68443846+8
Chile0.67693934-5
Malaysia0.67034032-8

Қолданушылар.

Осы уақытта  электронды  үкіметтің пайдаланушылар саны жөнінен Алматы мен Астана қалалары көш бастап келеді.  Ал кейбір қалалар мен облыстарда пайдаланушылардың жалпы  саны жоғарыдағы екі қаланың  санынан да аз.  Оған басты себептердің бірі азаматтардың  жеткілікті ақпараттандырылмауынан және кең жолақты интернеттің түрлі себептерге байланысты қол жетімсіз болуы.  Алайда, интернеттің қол жетімсіздігіне қарамастан, электронды порталдан  ұялы телефондарға арналған қосымшаларды кез келген қиындықсыз жүктеп алуға болады.  Одан басқа электронды портал туралы қызық мәліметтерді мына сілтемеге өту арқылы білуге болады.

ЭЦҚ.

Электронды  порталда жұмыс істеу кез келген пайдаланушыға қиын болмайтындай етіп жасалған.  Әсіресе, электрондық цифрлық қолтаңбамен жұмыс істеу пайдаланушыға зор мүмкіндіктер береді.  Ол арқылы сіз түрлі анықтамаларды алып қана қоймай, сондай-ақ коммуналдық қызметтерді, салық, басқа  да төлемдерді жасай аласыз.

Туындайтын мәселелер.

Көп жағдайда электронды портал арқылы алынған анықтамалардың заңдық күшіне кей  мемлекеттік органдардағы жауапты қызметкерлер  QR-кодқа қарамастан күмән келтіріп жатады.  Көптеген жылдар бойы мөрмен ғана басылған анықтамаларды қабылдап үйренген кеңсе қызметкерлерін түсінуге болады (дәл өз басымнан осындай жағдай, 2012 жылы қыркүйекте  Шымкент қалалық қорғаныс жөніндегі басқармаға сотталғандығы немесе сотталмағандығы туралы анықтама тапсырғанда кездестірдім). Мұндай жағдай сіздердің бастарыңыздан өтпей-ақ қойсын.

Электронды үкіметтің бизнеске пайдасы.

Электронды портал бизнеске де қолайлы мүмкіндіктерді жұщеге асырып келеді. Соның көрінісі ретінде порталда Бизнес деген дербес бөлім қарастырылған. Онда заңды тұлғалар мемлекеттен алатын көптеген қызмет  түрлерін осы бөлімнен керегінше алып, қажетті ақпаратты  біле алады. Мысалы, заңды тұлғаны тіркеу туралы анықтаманы бар жоғы 30 минут ішінде алуға болады. Ол үшін 3 сатыдан тұратын әрекетті жасау керек, атап айтқанда:

  1. Авторлану және «Қызметті онлайн алу» батырмасы бойынша өту
  2. Өтінімді толтыру және ЭЦҚ қол қою (электрондық цифрлық қолтаңбамен).
  3. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» тарауында) өңделген анықтамамен танысу  және талап етілген жерге ұсыну.

Қорытынды.

Қорыта келгенде бір ғана жазбамен электронды портал жұмысының барысымен толық  танысу мүмкін емес.  Болашақта тағы да көптеген азаматтардың өмірін кеңірек қамтитын салаларды да автоматтандыру күн тәртібінде тұр.  Кейбір аймақтарда жеңіл көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірі жоғалған немесе ұрланған жағдайда, қосымша анықтамалар жинау үшін ІІД кеңселерінің табалдырығын тоздырумен болады.  Немесе, әскерге шақырылатын 18-ге толған азаматтар құжат жинаумен тұрлі мекемелерде уақыты мен  күштерін, қаржыларын  жұмсап жатады. Осы әрекеттер электронды портал тұрғанда қисынсыз көрінеді.  Егер азаматтар керек құжатының барлығын элетронды портал арқылы ала алатын болса өте тамаш болар еді деп ойлаймын. Ол күн де алыс емес деп үміттенемін.

0
0
5679