Қарағандының «Шахтері» Голландияның «АЗ Алкмаар» құрамасынан ұтылды
Қарағандының «Шахтер» командасы Еуропа Лигасының топтық кезеңінің төртінші турында Голландияның «АЗ Алкмаар» командасынан ұтылды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Алкмаар стадионында өткен кездесу 1:0 есебімен аяқталды.
«Шахтер» бұл матчқа жартылай құраммен шықты. Голландияға барлығы 14 ойыншы барды. Жексенбі 10 қараша күні қарағандылық футболшылары Қазақстан Кубогының финалында «Тараз» командасымен кездеседі.
28 қараша күні Астанада «Астана-Арена» стадионында өтетін келесі ойында «Шахтер» Грекияның ПАОК құрамасын қабылдайды. Ал «АЗ Алкмаар» дәл сол күні Голландияның «Маккабиімен» кездеседі.

