Мазмұнға өту

Жаңа

egov.kz жайлы қысқаша сөз

Кіріспе. Осыдан 7-8 жыл ғана бұрын елімізде интернет арқылы некеге тұруға немесе коммуналды қызметттерге төлем жасауға, басқа да анықтамаларды көп уақыт пен кезекке тұрмайалуға болады десе сенер ме едіңіз??? Әрине жоқ! Ал қазір ол жағдайлар үйреншікті жағдайға айналып кетті. Еліміз халықаралық қауымдастықтың бір мүшесі болғандықтан, әлемде болып жатқан үрдістер Қазақстанды айналып өтпей қоймайды. Сол себепті қазіргі таңда көптеген мемлекеттерде ақпараттық технологиялардың көмегімен біраз іс-шаралар атқарылуда. Атап айтқанда мемлекеттік мекемелердегі дерекқорларда жиналып қалған түрлі мәліметтер толықтырылып қана қоймай басқа да пайдалы шаруаларға кәдеге асып, ҚР азаматтарының мемлекетпен қарым-қатынасы кезінде уақытын үнемдеуге септігін тигізіп жатыр. Әлемнің көп елінде жалпы атаумен «эле…

0
0
5656

Қазақстан мен Иран әскери-теңіз ынтымақтастығын нығайтуда

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы контр-адмирал Жандарбек Жанзақов бастаған қазақстандық делегация Иран Ислам республикасында болды. Сапар аясында Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы бірқатар кездесулер өткізді, онда әскери-теңіз саласындағы қазақстан-иран ынтымақтастығын кеңейту мәселелері талқыланды. Қазақстандық тарап осы өңірде бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау жөніндегі тату көршілік қарым-қатынасты нығайту мақсатында Каспий маңы мемлекеттерімен ынтымақтастық жасаудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ жұмыс сапарының барасында Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы Иранның оқу-жаттығу орталықтарына – Әскери-теңіз базасына және Хомейни атындағы Әскери-теңіз институтына барып, онда ирандық әріптестердің соңғы жетістіктерімен және жаңа тех…

0
0
348

ҚР Қорғаныс министрлігі күзгі әскер қатарына шақыру науқанын жалғастыруда

Бүгін Алматыда әскери қызметке шақырылушы жастарды салтанатты шығарып салу рәсімі болып өтті. «Әскер қатарына шақырылушы күні» әскери-партиоттық іс-шарасын Алматы қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті қала әкімдігімен бірлесіп ұйымдастырған болатын. Акция аясында осы күні ҚР Қарулы Күштерінің қатарында мерзімді әскери қызмет атқару үшін 35 жас жігіт жіберілді. Барлығы осы күзгі әскер қатарына шақыру науқанында қала Қорғаныс істері жөніндегі департаменті 600 адамға жуық адамды әскерлерге жөнелтеді. Аталған іс-шараға Ұлы Отан соғысының, Қарулы Күштердің ардагерлері, ауған соғысының ардагерлері, әскер қатарына шақырылушы жастардың туған-туыстары, әскер қатарына шақырылу жасына дейінгі жастар, қала тұрғындары қатысты. Сондай-ақ 28 панфиловшылар саябағында өткен іс-шарада әскери қыз…

0
0
475

Бүгін Бас Прокурор Асхат Дауылбаев кезекті рет азаматтарды жеке қабылдау жүргізді.

Қабылдауда болған азаматтардың өтініштері негізінен қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі сот актілерінің заңдылығы бойынша шағыммен байланысты болды.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/bas-prokurordyn-azamattardy-kabyldau-zhurgizgeni-turaly-bak-ushin-akparat-astana-0

0
0
277

Әскери метрологтар техниканың дәл және іркіліссіз жұмысына кепілдік береді

Қорғаныс министрлігінің Метрологиялық қамтамасыз ету және стандарттау орталығына қарасты 906 өлшеу техникасы базасының құрылғанына 20 жыл толды. Бұл бөлім ҚР Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерін метрологиялық қамтамасыз етумен айналысады. Қазіргі уақытта әскери метрологтар Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында қозғалған мемлекетіміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі Қарулы Күштердің қызметіне тікелей қатысты басым бағыттағы шараларды іске асыру үшін өздерінің күш-жігерін жауынгерлік әзірлікті арттыруға бағыттап келеді. Мамандардың білім деңгейін ұдайы арттырып отыру осы ұжым жұмысының басты принциптерінің бірі. 2009 жылы 906 өлшеу техникасы базасы өлшеу құралдарын жөндеу және…

0
0
581

«Барыстың» сапына жаңа хоккейші қосылды

Астана қаласының «Барыс» клубы Ұлттық хоккей лигасының ойыншысы, қорғаушы Кэм Баркермен арадағы келісімшартқа қол қойды. Енді 27 жасар хоккейші астаналық клубтың сапында ойнайтын болады. «Барыс» хоккей клубының ресми сайты хабарлағандай, К.Баркер «Чикаго Блэкхоукс», «Миннесота Вайлд», «Эдмонтон Ойлерс» және «Ванкувер Кэнакс» сынды командаларда өнер көрсетті. Ұлттық хоккей лигасында ол жалпы саны 310 матч өткізіп, 96 ұпай жинаған. Екі аптадан кейін К.Баркер «Барыстың» атынан шығатын болады. Айта кетейік, Астана қаласының хоккей клубы соңғы ойында «Салават Юлаевты» (Башқұртстан, Уфа) жеңіп, екі апталық демалысқа шықты. «Барыстың» келесі ойыны 13 қараша күні сырт алаңда өтеді. Латвияның Рига қаласында жергілікті «Динамо» хоккей клубымен кездеседі. Сол кезде К.Баркер мұз айдынына шығуы әбден…

0
0
393

Головкинге қарсылас атануға үміткердің есімі аталды

Геннадий Головкин

WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің болашақ қарсыласы атануға үміткердің есімі анықталды.

Бұл туралы Vesti.kz сайтынан хабарлады.

Қазақстандық боксшының келесі қарсыласы 12 желтоқсан күні Австралияда өтетін WBA уақытша чемпионы британдық Мартин Мюррей мен австралиялық Гэрз Вуд арасындағы жекпе-жектің жеңімпазы болуы мүмкін. Егер осы кездесудің жеңімпазы Головкинмен жұдырықтасуға дайын болмаса, оны WBO нұсқасы бойынша әлемнің экс-чемпионы Хассан Н’дам Н’жикам алмастыруы ықтимал.

HBO телеарнасы таңдалған қарсыластың деңгейіне байланысты жекпе-жекті көрсететінін мәлімдеді.

0
0
234

Қарағандыда шорт-тректен өткен ел кубогы жарысынан батысқазақстандықтар олжалы оралды

Қарағанды қаласында шорт-тректен Қазақстан кубогы үшін жарыстан БҚО құрамасы олжалы оралды. Шорт-трек бапкері Максим Лозовойдың айтуынша, аталмыш бәсекеге Астана, Алматы қалалары, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарының спортшылары қатысты. БҚО-дан жеті жігіт, бес қыз сынға түсті. Ерлер мен қыздар құрамасы эстафеталық сында жүлделі орынға табан тіреді. Жекелей сында Данабек Хайыров ерекше көзге түсіп, 1500, 500 және 1000 метр қашықтықта жеңімпаз атанып, суперфиналда алтыншы сатыға шықса, қорытынды есепте бірінші орынды жеңіп алды. Сондай-ақ Азамат Сұлтанғалиев 1 мың метрден үшінші болып келді. Қыздардан Гүлнұр Ғаниева 1500 және 500 метр қашықтықта және суперфиналда үшінші, 1000 метрден екінші, қорытындыда үшінші орынға көтерілді. Сонымен қатар Анита Нагай…

0
0
281

«Ақжайықтың» қосалқы құрамы Алматыда «Шахтермен» финалдық матч өткізеді

«Ақжайық»

«Шахтер» биылғы чемпионатта қосалқы құрамдар арасында бірінші топта жеңімпаз атанса, «Ақжайық» екінші топта үздік шыққан болатын.

Жалпы, «Ақжайық» биылғы маусым қорытындысында бірінші топқа түсіп қалғанымен, әсіресе, оралдық жастардың ерекше көзге түсуі олардың болашағынан үміт күттіреді. Қосалқы құрам финалға жолдама алса, «Ақжайық-96» командасы 1996 жылғы өз құрдастары арасында Қазақстан чемпионы атанды.

0
0
252