Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ыстамбұлға келіп Құрбан айтты қарсы алатын Париж қазақтарының қатары мол

АСТАНА. 26 қазан. BAQ.KZ – Бұл күнде Парижде тұратын 250-ге жуық қазақ отбасы ислам дінін берік ұстанып, ұлттық мерекелерді де өз деңгейінде тойлауға күш салып келеді.


Парижде тұратын Құран Кәрімді қазақ тіліне тәржімалаған аудармашы, Алаш сыйлығының лауреаты Халифа Алтайдың ұлы Абдұлсамет Алтай ағамызды құттықтап хабарласқанымызда қандасымыз Құрбан айтты Ыстамбұлда өткізгенін айтты.

«Құрбан айтты туыстарыммен бірге Ыстамбұлда өткіздім. Парижде құрбандық шалуға мүмкіндік бар. Алайда, өзіміз бауыздамаймыз. Қала әкімшілігінің белгілеген жерлерінен ғана құрбандық шалуға рұқсат берілген. Сондықтан онда тұратын қазақтардың көпшілігі Түркиядағы ағайын, туыстарына ақшасын жібереріп, өз аттарында мал шалдырып отырады. Париждегі қазақтар құрбан айтты жақсы қарсы алады. Олар Париждегі түрік мешіттеріне барып айт намаздарын өтейді».

Абдұлсамет ағамыздың айтуынша, Еуропа елдерінде тұратын қазақтар ислам дінін берік ұстанып келеді екен. Сондықтан да олар ораза айы келгенде барлығы дерлік ауыз бекітіп, жиналып тарауық намаздарына да қалдырмай оқиды. Әруақтарға құран бағыштап, қазақтар жиі бас қосады. Осы тектес ұлттық мерекелерден жастар да қалмайды екен.

 

Майгүл СҰЛТАН

BAQ.KZ

 
0
0
457

Осы тақырып бойынша

Ыстамбұлға келіп Құрбан айтты қарсы алатын Париж қазақтарының қатары мол - Yvision.kz