Мазмұнға өту

Жаңа

Аққайың «Неге, сенде жалғызсың?»

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

 

Неге, сенде жалғызсың?

Қалың орман, ішінде.

Болса да, қасыңда ағашың,

Бір қиял бар ғой, өзіңде.

 

Аққайың, саған қараймын,

Сағыныш болды, сарғайдың.

Қасыңда болуға, мен дайын,

Сұлусың, ішінде, тоғайдың.

 

Сырымды, саған ашамын,

Бар, қайғы мұңымды, айтамын.

Бақытты, қайдан табамын?

Қайтадан, жауапсыз қаламын.

 

Болайын сенің, қасыңда,

Мейрімдік, тазалық, осында.

Екеуіміз, бұл қалың, орманда,

Егіз боп, қалайық арманда.

0
1
1269

Қазақстан Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлері жыл қорытындысын шығарды

Астана маңындағы 68665 әскери бөлімінің базасында Қазақстан Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің басшылық құрамымен жедел-әдістемелік жиын өтуде. Осы жиынға өңірлік қолбасшылықтардың, әскер тектерінің қолбасшылары, әскери бөлімдердің командирлері тартылды. Сондай-ақ ұйымдық-әдістемелік жиынға өңірлік қолбасшылықтардың, әскер тектерінің және бригадалардың сержанттары қатысты.

Ұйымдық-әдістемелік жиын шеңберінде ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-лейтенант Мұрат Майкеевтің басшылығымен өңірлік қолбасшылықтар мен әскер тектері лауазымды адамдарымен командалық-штабтық әскери ойын өткізілді. Осы командалық-штабтық ойын барысында бағынысты күштер мен құралдарды басқару, сондай-ақ арнайы операциялар өткізу мәселелері пысықталды.

Жиын барысында аталған мәселелерден басқа әскери қызметшілер барлық санаттарының кәсіби шеберлігін, ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің бөлімдері мен құрамаларында қару-жарақ пен әскери техникаға қызмет көрсету және оларды пайдалану сапасын арттыруға, әскери тәртіпті нығайтуға басты назар аударылды.
Теориялық білімдерін жетілдіру үшін жиынға қатысушылармен жауынгерлік даярлық бойынша, сондай-ақ бейбіт және соғыс уақытында әскерлерді басқару жөнінде теориялық және практикалық сабақтар өткізілді.

Сержанттарға жеке құрамды үйретудің жаңа әдістемесі, жаңа оқу-жаттығу атыстарының жаттығулары көрсетілді. Негізгі күш қазіргі заманғы ұрыс жағдайындағы іс-қимылдарды пысықтауға және жетілдіруге жұмылдырылды.

Кәсіби біліктіліктерін растау үшін генералдар, офицерлер мен сержанттар атыс, дене даярлықтарынан, тактикалық даярлықтан сынақтар тапсырлы. Жиналған командирлерді психологиялық тестілеу қорытындысы бойынша жоғары көрсеткіштер болғаны атап өтілді. Олардың дене даярлығын тексеру өткен оқу кезеңдерімен салыстырғанда айтарлықтай ілгерілеушілікті байқатты.

- Өткен оқу жылы ішінде ҚР ҚК Құрлық әскерлері жауынгерлік даярлық бойынша барлық міндеттерді толық орындап шықты, үздік құрамалар мен бөлімдер анықталды. Жыл қорытындысын шығара келе, Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы – еліміздің Президенті қойған мемлекетіміздің қорғаныс қабілетін нығайту жөніндегі міндеттерді Құрлық әскерлері сапалы және лайықты іске асырып жатыр деп нық сеніммен айтуға болады. Біз жауынгерлік дағдымызды арттырып, әскери тәртіп пен дене даярлығын нығайтып келеміз, - деп Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-лейтенант Мұрат Майкеев атап өтті.

Әскер тектері мен өңірлік қолбасшылықтар арасында бірінші орынға Аэроұтқыр әскерлер ие болды. Астаналық десанттық-шабуыл бригадасы 2013 оқу жылының қорытындысы бойынша ҚР ҚК Құрлық әскерлері ұдайы жауынгерлік әзірліктегі жалпы әскери құрамаларының арасында үздік деп танылды.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
532

Әділбек Жақсыбеков ТМД елдері Қорғаныс министрлерінің кеңесіне қатысты

Бүгін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков Ресей Федерациясының астанасы Мәскеу қаласында өтіп жатқан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер Қорғаныс министрлері кеңесінің 65-ші отырысына қатысты.

Достастық елдері қорғаныс ведомстволарының басшылары ТМД-ға қатысушы мемлекеттер қарулы күштерінің өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады. Бірлескен жұмыстар барысында министрлер ТМД Қорғаныс министрлері кеңесінің 2013 жылғы қызметінің қорытындысын шығарып, келесі жылға жоспарланған ынтымақтастық шараларының негізгі бағыттарын айқындады. Отырыста ТМД-ға мүше елдердің әуе шабуылына қарсы біріккен қорғаныс жүйесінің 2014 жылға арналған бірлескен
іс-шаралары талқыланып, Достастық мемлекеттері әскерлерінің мүддесі үшін жедел геокеңістік ақпаратын алмасудағы ынтымақтастықты қарастырды. Сонымен қатар, әскери-техникалық және әскери білім саласындағы көптарапты ынтымақтастық бағыты талқыланды.

Сондай-ақ, отырыста жедел және жауынгерлік даярлық іс-шараларын тәжірибе түрінде іске асыру, террорға қарсы іс-қимыл саласына мамандар дайындауды ұйымдастыру және олардың біліктіліктерін арттыру мәселелері көтерілді. Әскери білім саласындағы ынтымақтастық шеңберінде Ресей тарапы Достастық елдерінің жоғары әскери оқу орындары арасында Олимпиада өткізу туралы ұсыныс жасады.

Мәскеудегі отырыс шеңберінде Әділбек Жақсыбеков Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Әзербайжан Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Украинаның Қорғаныс министрлерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.

Келіссөздер кезінде қорғаныс ведомстоларының басшылары әскери және әскери-техникалық өзара іс-қимылдың қазіргі жағдайы мен оны дамытудың келешегін талқылады. Әділбек Жақсыбеков мемлекет басшылары арасындағы жоғары деңгейдегі байланыстар қорғаныс саласындағы ынтымақтастыққа жаңаша тыныс беріп, өзара іс-қимылды тиімді қамтамасыз етеді.

Қазақстан Қорғаныс министрлігінің Ресей, Беларусь, Әзербайжан, Тәжікстан, Қырғызстан және Украина әскери ведомстволарымен ынтымақтастығының нормативтік негіздерін қамтамасыз ету үшін 2014 жылға екіжақты ынтымақтастық жоспарларына қол қойылды.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
358

Мы продолжаем серию репортажей со съемочной площадки проекта «Ән шаңырақ – Семейная гармония».

Мы продолжаем серию репортажей со съемочной площадки проекта «Ән шаңырақ – Семейная гармония».

На съемочной площадке суматоха - бабушки-дедушки поят чаем внуков и машут флажками из зрительного зала им в поддержку, мамы и папы нервничают, маленькие дети снуют туда-сюда в легком возбуждении, операторы ловят на камеру звезд эстрады, сценаристы перечитывают тексты, а ведущие пытаются привести весь этот хаос в одну единую гармонию. Музыкально-семейную. В общем, все смешалось на «31 канале» в одну веселую карусель под названием «Ән шаңырақ - Семейная гармония».

Каких только интересных людей не встретишь на шоу. Так, врач высшей категории и отличник здравоохранения Амирбек Базаркулов не только хорошо разбирается в тонкостях компьютерной и магнитно-резонансной томографии, но и прекрасно поет итальянские арии. «У меня, например, хорошо получается «Соле мио», - скромничает Амирбек-ага. – Я с детства люблю песню и участие в этом конкурсе – это моя детская мечта о большой сцене, выступление на которой заряжает меня энергией. Я как будто минуту славы почувствовал!».  Он пришел на шоу вместе со своей дочерью Шырын, выпускницей Санкт-Петербургской консерватории и композитором Казахского драматического театра им. М. Ауэзова, а также с племянником Ильясом, студентом школы им. Жубанова и будущим трубачом.

На вопрос, в чем секрет семейного счастья и сплоченности клана Базаркуловых, в которой любят петь все 6 братьев и 3 сестры Амирбека, а также родители супруги, наш герой, подумав, отвечает: «Знаете,  все родные ко мне притягиваются,  мне порой и среди них приходится улаживать разные моменты… У меня профессия такая – нужно со всеми уметь находить общий язык – с пациентами на работе и с родными дома».

 

Семья Дуйсенбековых приехали из города Караганды. Они преподают в музыкальной школе, вместе высупают на сцене, теперь решили свои силы попробовать в «Ән шаңырақ». «Мы хотим победить в этом конкурсе и приложим все свои усилия», - говорит глава семьи Қуаныш. Когда-то именно супруга Гульнара уговорила его поступать в музыкальный колледж. «У меня экономическое образование, но я очень люблю петь и хорошо чувствую себя на сцене», - говорит дочь Балауса. К одному из главных концертов в своей жизни, они подготовились очень тщательно. Записали попурри из  восточных и индийских песен.

За звание самой поющей семьи боролась и семья Бекдаир.  Практически у всех представителей этой семьи  музыкальное образование. «В музыкальную школу меня отдал отец – композитор, автор многих произведений. Он очень рано ушел из жизни, а после его смерти я не захотела заниматься музыкой, бросить школу - рассказывает Асель.

Но, буквально перед окончанием школы она поняла, о чем мечтал отец, переосмыслила отношение к музыке, полюбила ее и решила продолджить музыкальный путь своего папы. Сейчас она не мыслит свою жизнь без музыки. А главным инициатором участия семьи в конкурсе стал известный в Казахстане стилист Мади Бекдаир.

Переживать и держать кулачки всех участников заставляли не только телеэфир на всю страну, а также весьма сильные соперники, но и компетентное жюри - Такежан, Жанна Орынбасарова, Рустем Нуржигит и знаменитая оперная певица Майра Мухаммедкызы.

Майра стала судьей шоу уже в полуфинале, когда показать свое мастерство  вышли сильнейшие музыкальные семьи.  Гостями  конкурса также стали популярные исполнители Женис Искакова, Жолбарыс Сейфуллин, Нұрлан Абдуллин, Ерлан Кокеев.

Страсти накаляются, переживания обостряются. Но одни участники, наоборот, расслабились, так как уже получили удовольствие от совестного с родными выступления, другие же еще больше воодушевились на победу, ведь основной отборочный этап они уже прошли, а значит, впереди маячили вполне реальная победа и заветный супер-приз – автомобиль.

Смотрите в 22:00 по пятницам на «31 канале»!

0
0
983

Ұрпақтар сабақтастығы

20 ноября в 16.00 часов в первичной организации МК «Жас Отан» Петропавловского гуманитарного колледжа им. М. Жумабаева  состоялась встреча старшего поколения с молодежью, в рамках специального партийного проекта «Ұрпақтар сабақтастығы».

Целью мероприятие является рассказ о политическом курсе и деятельности Первого Президента Республики Казахстан Нурсултана Абишевича Назарбаева.

В мероприятии приняли участие представители Совета ветеранов, лидеры и активисты молодежных организаций, студенты и педагогический коллектив колледжа. Модератором встречи выступил исполнительный секретарь СКОФ МК «Жас Отан» Танакулов Муса.

В ходе мероприятия состоялся председатель Совета ветеранов, заслуженный гражданин города Петропавлвоск Кухарь Григорий Васильевич и заместитель председателя Совета ветеранов Северо-Казахстанской области Ахметова Адия Искаковна рассказали свои впечатления и мнения от встречи с Елбасы, а также об  истории становления нашего Независимого государства, под руководством Лидера партии Нурсултана Абишевича Назарбаева.

В заключении участникам встречи был представлен короткометражный документальный фильм из жизни Лидера партии

0
0
1601

Қаржы полициясы жалған ақша жасаумен айналысқан екі топтың қызметін әшкереледі

Алматы облысы бойынша Қаржы полициясы департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Алматы қаласының жанында орналасқан жалған ақша жасайтын жасырын цехтың қызметін әшкереледі.

Ағымдағы жылғы 8 қарашада Іле ауданы аумағында жалпы номиналдық құны 90 мың теңгені құрайтын 72 дана 500 және 2000 теңгелік жалған банкноталарды сату үстінде Р.Садықов және Ш.Қасымов ұсталды, кейін олардың сыбайласы И.Доргушев ұсталды.
Садықовтың тұрғылықты мекен-жайын тінту нәтижесінде 2 дана көшіру-көбейту техникасы және номиналы 2000 теңгелік жалған ақша купюралары тәркіленді.
9 қарашада аталған деректерге сәйкес Р.Садықов, Ш.Қасымов және И.Доргушевке қатысты жалған ақша жасау және сату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

11 қарашада Садықов сот санкциясынан қамауға алынды, Қасымов және Доргушевқа қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі тыю шарасы қолданылды.
Қылмыстық істі одан әрі тергеу барысында Р.Садықовтың бұрын өткізген жалған ақшаның бір бөлігін Б.Сарымбай, Р.Нұрматов және Д.Садықовтан алғандығы анықталды.
Б.Сарымбайдың пәтерін тінту кезінде 2 орама күміс тәрізді қақтама, процессор, ноутбук және жалған купюралардағы арнайы белгілерді пресстеуге арналған қолдан жасалған аппарат алынды, сондай-ақ  2000 және 5000 теңгенің сканерленген суреттері сақталған флешкарта табылды.
Ағымдағы жылғы 14 қарашада Б.Сарымбай, Р.Садықов, Д.Садықов және Р.Нурматовқа қатысты топтасқан тұлғалар тобының алдын ала келісе отырып жалған ақша жасау және сату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.
18 қарашада Б.Сарымбай, Д.Садықов және Р.Нұрматов сот сакциясынан қамауға алынды.
Қылмыстық істер тергеліп жатыр.

0
0
357

«Жастарға діни ағарту қажет»

«Қазақстан-2050» ақпараттық порталы.  ҚР Дін істері агенттігінің Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының ғылыми қызметкері А. Жүсіпованың «Жастарға діни ағарту қажет» атты мақаласы

Қазақстанда тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап демократиялық-құқықтық мемлекет жолын таңдағандықтан діни сенімге бостандықтың құқықтық негіздері қалыптасты. Еліміздің мәдени және тарихи құндылықтары тек қана Ислам мен Православия негіздеріне құрылған. Мемлекетіміздің ашықтық пен демократия жолындағы ұстанымы нәтижесінде соңғы жылдары дәстүрлі емес дін өкілдері мен жат ағымдар өз сенімдерін жая бастады. Олардың қатарында тоталитарлы негіздегі бұзақылық ниеттегілер де жоқ емес. Ол өз кезегінде қоғамның үлкен сынына   ұшырап жүр.

«Бұзу мен құртуға негізделген тоталитарлы сипаттағы дәстүрлі емес дін қызметі жекелеген адамдарды қуыршақ ретінде қолдануға және басыбайлы бағындырып алуға бағытталған. Олардың шырмауына жекелеген адамдар да немесе бірнеше кісілердің тобы да ұрынып қалуы әбден мүмкін. Нәтижесінде ол адамдар өздерінің тарихи діні мен санасынан айырылып, «жаңа құндылықтарға» ден қояды.

Көбіне мұндай дәстүрлі емес діни ағымның жетегіне еріп кетуге жастар бейім тұрады. Рухани кемелдену мен өмірдің алуан түрлі сұрағына жауап іздей жүріп олар осылайша «рухани құлдыққа» ұрынуы әбден мүмкін.

Осыдан барып діни ағартудың қажеттілігі туындайды. Егер бұрынырақта діни ағарту деген діни бірлестіктердің жұмысы болса, қазір оны мемлекет өз қолына алып, азаматтардың адасқан ағымға икемделіп кетпеуі үшін діни ағарту мен өзге елдердің және түрлі діндердің негізін жүйелі түсіндіру жұмыстарын қолға алуы керек», – деген ой айтады дінтанушы.

Оның мәлімдеуінше, «зайырлы мемлекет» деген сөз атеистік бағытта тәрбие береді деген сөз емес.

«2009 жылдың қыркүйек айынан бастап қазақстандық мектептерде 9-сынып оқушыларына арналған «Дінтану негіздері» факультативті курсы енгізілді. Ол өз кезегінде мемлекеттің жастарды діни ағарту жұмысына жұмылғанының алғашқы көрінісі еді. Жасыратыны жоқ, аталмыш пәннің тарихшы мұғалімдер тарапынан оқытылып, ұстаздардың аз ғана бөлігі ғана дінтану курсын бітіргені анық. Және де бұл курстың аптасына бір рет, кейде тіпті екі аптада бір рет қана оқытылғаны да белгілі. Өйткені ол әу баста факультативті, яғни қосымша болып оқытыла бастады. Алайда аптасына бір сағат деген бұл сала үшін аздық етіп, жастардың дұрыс діни білім алуына кедергісін келтірді», - дейді А.Жүсіпова.

Ол кездері кадр тапшылығы айтарлықтай байқалды, дінтанушы мамандар өте аз болды, деп еске алады ҚР Дін істер агенттігінің ғылыми-зерттеу және сараптама орталығының ғылыми қызметкері, дінтанушы Арайлым Жүсіпова.

Осыған орай, ЖОО-да дінтану мамандығына бөлінетін мемлекттік грант санын арттыру туралы шешім қабылданды.

«Қоғамның бетпе-бет келген екінші бір мәселесі дұрыс жазылған оқу құралдарының тапшылығы еді. «Дінтану негіздері» деген аталмыш оқу құралы ішінене мамандар көптеген қателіктер тауып, сын айтты. Атап айтатын болсақ, аталмыш кітапта қазақ халқының тарихындағы салт-дәстүр мен әдет-ғұрпы және рухани өмірі туралы мәлімет жоқ; әлемдік және ұлттық діндер жайлы ақпараттар артық жазылған, ол өз кезегінде мектеп оқушыларының діни сенімнің негізін түсінуге қиындық тудырады; кітаптың жазылу тілі ауыр және терминдер мен күрделі сөздерге толы болды, ол мектеп оқушыларының, тіпті педагогтардың өздері мәтіндерді түсіне алмады.

«Қазіргі таңда аталмыш еңбек жоғарыдағы ескертулерді түзету үшін қайта басуға жіберілді», - деді А.Жүсіпова.

Соңғы жылдары осыған ұқсас пәнді ЖОО-ның төменгі курс студенттеріне де оқыту мәселесі қарастырылып жатыр. Сарапшылардың айтуынша, осы жастағы жастар діни сауаттылықтарын арттырып, ақ пен қараны ажырата алатындай болулары керек.

«Бүгінде бұл мәселе үкіметпен арада әлі шешімін тапқан жоқ. Бұл бастама белсенді түрде қолдау тауып, үмітіміз ақталады деп ойлаймыз. Ал жастардың діни сауаттылығының артуы мен қай діннің дұрыс, қай діннің бұрыс екенін анықтай алатын дәрежеге жетуі діни бұзақылықтың тарамауына кепіл болады және тарихи сенімі мен дәстүрлі дініне деген құрмет, қоғамдағы тәртіп пен толеранттылыққа жағдай жасайды», - деген ойын айтты А.Жүсіпова.

 

http://din.gov.kz/kaz/press-sluzhba/publikacii/?cid=0&rid=1500

0
0
566

Қазақстан Қорғаныс министрлігі мен ЕҚЫҰ қару-жарақты қысқартудың сапалы жүргізілуін қолдайды

Бүгін Алматыда ҚР Қорғаныс министрлігінің жанындағы Қару-жарақты қысқартуды бақылау және инспециялық қызметті қамтамасыз ету жөніндегі орталықтың Астанадағы ЕҚЫҰ орталығымен және Тәжікстандағы ЕҚЫҰ кеңсесімен бірлесіп ұйымдастырған «Сапаны және жарылыс қауіпті заттардың тәуекелін қысқарту жөніндегі ақпаратты басқару және оған ден қою» атты өңірлік конференция өтті.

Конференцияны өткізу ҚР Қорғаныс министрлігінің Еуропадағы ынтымақтастық және қауіпсіздік ұйымының әскери-саяси өлшемдегі міндеттерін іске асыруға қосқан үлесі болып табылады.

Әскери инспекторлар ЕҚЫҰ әскери-саяси өлшемдері, жарылыс қауіпті заттар тәуекелдері проблемалары, сапаны және жарылыс қауіпті заттардың тәуекелін қысқарту жөніндегі ақпаратты басқару және оған ден қою, жарылмай қалған оқ-дәрілерді жою және миналарды гуманитарлық залалсыздандыру, инженерлік және басқа да оқ-дәрілерді сақтаудың физикалық қауіпсіздігі және оны басқару бойынша дәрістер оқыды.

Конференцияға қатысушылар – Қырғызстанның, Тәжікстанның, Ауғанстан мен Моңғолияның әскери-дипломатиялық өкілдері, сондай-ақ Қазақстан Қорғаныс министрлігі мен Бас штабының әскери қызметшілері ЕҚЫҰ кеңістігінде минаға қарсы салада пікір алмасты.

Конференцияға қатысушылар үшін Құрлық әскерлерінің әскери институтында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің инженерлік-саперлық жабдықтары көрсетілді.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
533

Құман ұстап, қыр асатын заманнан өттiк

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2013/11/100-11/

Қызылорда десе – “экология”, экология десе – Қызыл­орданы тiлге тиек ететiн көзқарас бар. “Осы бiр сұрықсыз теңеудiң түп-тамырына қашан балта шабылар екен?” деген сұраққа жауап iздеп жүргендер жақсы бiледi, бұл теңеуден бүгiн-ертең құтыла алмасымыз анық. “Протонымыз” бар, сорға айналған теңiзiмiз бар. Жә, таусыла бергеннен пайда жоқ, талап қылғандар тiрлiгiн айтайық.

Қызылорда облысында табиғат жанашырына айнал­ған “Сыр табиғаты” қауымдастығы жұмыс iстейдi. Бұл қауымдастық өкiлдерi өткен айда Қызылорда облысы әкiмi Қы­рымбек Көшербаевтың қа­былдауында болып, өңiр­дегi экологиялық мәселелер турасында өз ұсыныстарын жеткiзген болатын. Қауымдастық көтерген мәселелерге аймақ басшысы қолдау көрсетiп, жуырда кеңей­тiлген мәжiлiс өткiздi. Онда күн тәртiбiне бес мәселе қойылып, хаттамалық негiзде тиiстi шешiм­дер қабылданды. Бiз мамандар сөзiне сүйене отырып, мәселелердi назарға ұсынсақ.
Алдымен тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстар жайы сөз етiлдi. Бүгiнгi күнi облыстың елдiмекендерiн­дегi полигондарда барлығы 835 мың тонна тұрмыстық қалдықтар шоғырланған. Оны сұрыптап, өңдеу, кәдеге жарату жайын былай қойғанда, сақтау полигондарының өзi талапқа сай емес. Тек қана Байқоңырдағы типтiк жобаға сай келедi. Облыс бойынша экология департаментiнiң басшысы Марат Құрман­баев Қызылордадағы құрылысы басталатын шыны зауыты жанынан шыны қалдықтарын қабылдайтын пункт жобаланса дейдi. Ең болмаса, шыны қалдықтарының қатары азайған болар едi. Сондай-ақ, өз кезегiнде департамент басшысы бүй дедi:
– Қызылорда қаласында өндiрiс және тұрмыстық қалдықтарды айыру және жою жобасын жүзеге асыру үшiн техника-экономикалық негiздемесi дайындалып, 337 млн. теңге қаржы бөлiн­ген болатын. Алайда бұл жоба жүзеге аспай қалды. Ал “Қызылорда қаласында тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу зауыты құрылысы” жобасы дайындалып оны салуға қаржы бөлiнбедi және инвесторлар қызығушылық танытпады.
 
0
0
761