Заңсыз аңшылықпен күрес жөнінде
http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2013/11/100-9/
18.11.2013 ж. Қарағанды облысы Нұра ауданы Нұра ауылы маңында «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК орталық аумақтық филиалының инспекторлары қорғау іс-шараларын жүргізу кезінде УАЗ автокөлігін тоқтатты.
Автокөліктің жүргізушісі Астана қаласының тұрғыны. Тексеру кезінде көліктің ішінен киіктің үш терісі мен жануарлардың 12 аяғы, іш-құрылыстары табылып,тәркіленді.
Қазіргі уақытта осы дерек бойынша материалдар Қарағанды облысы Нұрын АІІБ-ге тапсырылды.
