Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету сұрақтары

2013 жылғы 28 қарашада сағат 16:30-да С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде (Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 116) Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының орынбасары М.Н. Шабақбаев университеттің оқытушылары және студенттеріне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету сұрақтары» тақырыбында дәріс оқиды.
М.Н. Шабақбаев сыбайлас жемқорлықпен күрес саласында қаржы полициясы органдарының атқарып жатқан жұмыстары жайында баяндайды, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі ережелерін, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактiсi туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзге де жолмен жәрдемдескен адамдарды көтермелеу қағидаларын түсіндіріп өтеді.
Бұл шараның негізгі мақсаты – жастарды сыбайлас жемқорлықпен күреске тарту, құқықтық сауаттылықтарын арттыру және белсенді азаматтық ұстанымдарын қалыптастыру.
Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) қызметі туралы өкімдері заңды күшіне енген сыбайлас жемқорлық және экономикалық қылмыстық істер бойынша шұғыл түсірілім кадрларымен фильм көрсетіледі.

0
0
571

Осы тақырып бойынша

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету сұрақтары - Yvision.kz