Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Павлодар полицейлері екі адамды атқан күдіктілерді қылмыстың ізін суытпай қолға түсірді.

Павлодар полицейлері аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен Алматы облысының 29 жастағы тұрғыны мен Щучинск қаласының 27 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлады ІІД баспасөз қызметінен. Түнгі бір жарым кезінде автопатрульдегілер - полиция сержанты Константин Колмогоров пен Сәбит Әбішаев бағыт бойынша кетіп бара жатып, атыс дыбысын естіген. Оқиға орнына шұғыл жеткен полиция қызметкерлері жерде жатқан кеудесі және аяғы жараланған екі жас жігітті көреді. Полиция қызметкерлерін байқап қалған екеу іздерін жасырмақ болған, алайда оларды патрульдік қызметкерлер ұстады. Жараланғандар ауруханаға жатқызылды. Қолға түскендер өздерінің жараланған екі жігіттің таныстары екенін айтты. Дүкен алдында олардың арасында ақша үшін жанжал шыққан. Айтуларына қарағанда, жапа шеккендер оларға ақша берулері керек екен.
Екі немесе одан да көп адамның өміріне қастандық жасап өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар белгіленді, тергеу жүргізіліп жатыр.

0
0
270

Осы тақырып бойынша