Мазмұнға өту

Жаңа

Тау-самал очерктері

Сол бір жылдар...Көңілде қаяу, жаныңда мұн жоқ кездер...Тау-самалды мен осылай еске аламын.Кішкене мұңды,сарғайған сағынышпен. Бірақ, қуанышқа толы, бақытты күндер жайында.Бұл Алматы тауларының бөктерінде орналасқан, таң ғажайып, жүрегіне ерекше жылу беретін мекен туралы. Неге сағанышпен?! Өйткені, бұл жерге бармағалы, сол жердегі достарымды көрмегелі үш өтті. Тау-самал лагерінде мен жазда, сегіз жыл қатарынан демалдым. Бар жоғы он төрт күнге келсек те, бәріміз бір отбасындай тату-тәтті өмір сүрдік. Бұл мекенге келгенде автобустан түсе сала осы жердің ауасы өкпенді кесіп, ауыртып жібереді, басында қиындықпен дем аласың. Ол тау-самалдың ауасы таза екенін байқатады. Біз қаланың ластанған ауасына үйреніп алған соң, таза ауа жұтқанда өкпемізге ауыр тиеді. Тау-самалдың қақпасынан кіре бергенде…

0
0
813

Turkvisyon байқауына іріктеуден суреттер

Музыкалық басты жоба - #Turkvision-ды Алашұлы ашты. Салтанат Бақаеваның көйлегі керемет екен. Жаңа әні де тамаша болды, тек дауысы техникалық ақауларға байланысты жәй шығып қалды. Серік Ибрагимовтың жаңа әні хит болатын шығар. Өте тамаша ән. #Turkvision Ұйымдастырушылар комитеті қосқан қатысушы - Жасұлан Әйтенов #Turkvision Әнел Аринованың да көйлегі керемет. Әні хит болсын! :) #Turkvision "Қаланың сұлулары" - есте қалатын, тамаша ән. Нұржан Керменбаев жақсы таңдау жасапты. Көрермендер залда лық толы. Тіпті сыртта кіре алмай қалған адамдар күзет қызметкерлерінің үстінен арыз жазып жатқан көрінеді :) Бастау тобының әні сондай лирикалық, сезімге толы. #Turkvision Луина әншіміздің киімі болмаса, әні өте тамаша! Есте қалған әннің бірі. Рүстем Жүгінісовтің дауысы керемет қой. Болашағынан зор ү…

0
0
1472

Қаржы полициясы контрабандамен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топқа көмек жасаған кеден қызметкерін қамады

Қаржы полициясы агенттігі мен Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының департаменттерінің қызметкерлері көлемді операция нәтижесінде 2012-2013 жылдары мұнайдың заңсыз айналымы саласында қызмет еткен қылмыстық топты әшкерелегендігін хабарлағанбыз. Аталған уақыт ішінде Қазақстанның 8 азаматы мен Молдова Республикасының 2 азаматынан тұратын топ Ақтөбе облысында мұнайдың кен орындарынан жалпы көлемі 739 тонна мұнайды ұрлаған. Қылмыстық топтың басшысы Камалутдинов және оның сыбайласы Изимов тұтқындалғанға дейін қаржы полициясының қызметкерлеріне пара беру арқылы қылмыстық топтың жұмысын тексеруді тоқтатуға әрекет жасаған келді.Оларға қатысты тексерісті тоқтату үшін 755 мың теңге сомасында Атырау облысының қаржы полициясы қызметкерлеріне пара беру, 630 мың теңге сомасында Ақтөбе облысын…

0
0
273

Мүгедек-балалар атқа мінді

Мүгедек-балалар атқа міндіСолтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаменті басшылығының ұйымдастыруымен мүгедек-балалар атқа мінді. Іс-шараның алғашқы күнінде, демеу-қозғалыс аппараты зақымданған мүгедек-балаларға арналған Петропавл интернат-үйінің жеті тәрбиеленушісі иппотерапия курсынан өтті. Мүгедек-балаларды Петропавл қ. ІІБ ЖПП кавалериялық бөлімшесінің аттарына мінгізу СҚО ІІД бастығы, полиция полковнигі Ақан Қажкеновтың бастамасымен өтті. Тәлімгерлері үшін мұндай сауықтыру курстары өткізу мүмкіндігі күнде туындамайтындықтан, демеу-қозғалыс аппараты зақымданған мүгедек-балаларға арналған Петропавл интернат-үйінің басшылығы ұсынысты қуана қабылдады. «Иппотерапия – медицина түрлерінің бірі. Салт атқа міну және жылқының биотолқындары аурудың ағзасына оң әсерін тигізеді. ІІД басшылығы…

0
0
548

Тіршіліктің алтын тамыры

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2013/11/100-28/ «Қазақстан-2050» Стратегиясы тіршілік-түйсігімізге түбегейлі өзгерістер алып келген кең ауқымды құжат. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз Жолдауында қалыптасқан мемлекеттің тағдыршешті ұстанымына «Жасыл даму», «Жасыл көпір», «Жасыл ел» ұғымдарын алып келді. Әлем дамуының бүгінгі қарқыны мен үрдісінде табиғи ресурстар тіршілік нәрі ғана емес, мемлекет қауіпсіздігінің қуатты тұтқасына айналуда. Сондықтан, мүмкін болар экономикалық қақтығыстар жағдайында бәсекелестік пәрменін арттыру құралы ретінде, экологиялық проблемаларды шешу стратегиялық басым бағыттар қатарында тұратыны мәлім. Бұл мәселелер Қазақстан Республикасы Президенті Жолдауын түсіндіру жөніндегі ақпараттық-насихат тобының жетекшісі, Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаровтың 18…

0
0
379

Әскери оқытылған резерв дайындау: Қорғаныс министрлігі 2013 жылдың қорытындысын шығаруда

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери оқытылған резерв даярлау жөніндегі жұмыс жалғасуда. Қарағанды облысындағы «Спасск» оқу-жаттығу орталығында әскери міндеттілерді даярлаудың тағы бір кезеңі аяқталуда. «Спасск» оқу-жаттығу орталығында 100-ге жуық адам әскери оқытылған резервті даярлау жөніндегі жиынды аяқтауда. Осы уақытқа дейін қандай да бір себептермен әскерде қызмет етпеген жасы 27 толған азаматтар бір айлық жиынға шақырылды. Олардың ішінде түрлі мамандық пен кәсіп иелері бар. Жиыннан өту кезеңінде олардың жұмыс орындары сақталып, мемлекет есебінен айлық орташа жалақылары төленеді. Бұл осы оқу орталығында жыл басынан бері өткізілген тоғызыншы жиын. 2013 жылы осы оқу-жаттығу орталығында Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, Ақмола, Қостанай облыстарынан және Астана қаласынан ке…

0
0
505

Қазақстан Қарулы Күштері үздік әскери қалашықты таңдады

ҚР Қорғаныс министрлігі Қазақстан Қарулы Күштерінің өңірлік қолбасшылықтары, әскер тектері және гарнизондары арасында өткен «Үздік әскери қалашық» байқау-конкурсының қорытындысын шығарды. Қорғаныс министрлігінің байқау комиссиясы тұрғын үй және қызметтік қорлардың жай-күйін, сондай-ақ әскери қалашықтардың іргелес аумағын көркейтуді тексерді. Елбасы – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы қабылдайтын шаралардың нәтижесінде әскери қызметшілердің тұру және тұрмыс жағдайларының жақсаруына қол жеткізгенін атап өткен жөн. Байқау-конкурстың қорытындысы бойынша бірінші орынды Ұлттық қорғаныс университетінің әскери қалашығы жеңіп алды (Щучинск қ.). Екінші орынды «Отар» әскери базасы еншілесе, үшінші орын «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 35748 әскери бөліміне бұйы…

0
0
460

Ж.Әбдімәлік Чехияда «Брно Опен- 2013» халықаралық турнирінде жеңімпаз атанды

Қазақстандық жас шахматшы Жансая Әбдімәлік Чехияда «Брно Опен — 2013» халықаралық турнирінде жеңімпаз атанды. Бұл туралы ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (ИЖТМ) туризм индустриясы комитетінің төрағасы Марат Игали өзінің facebook-тегі парақшасында мәлім етті. «13 жасар қазақстандық шахматшы қыз Жансая Әбдімәлік CZECH TOUR сериясына жататын «Брно Опен- 2013» халықаралық турнирін жеңіп алды. 20 жасқа дейінгі қыздар арасында әлем вице-чемпионы мүмкін болар 9 ұпайдан 7,5 ұпай жинаған», — деді комитет төрағасы. Айта кету керек, Жансая Әбдімәлік жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында 4-рет жеңіске жеткен болатын. Сондай-ақ, ол — Қазақстандағы әйелдер арасындағы ең жас халықаралық гроссмейстер. 13 жастағы қаршадай қыз биыл Түркияда шахматтан жасөспірімдер арасындағы Әлем чемп…

0
0
313

Қызылорда қаласының әкімі Алмас Өтешовке құрмет көрсетті

Қызылордада ауыр атлетикадан әлем чемпионатының күміс жүлдегері болып оралған ауыр атлет Алмас Өтешовті ұлықтау рәсімі болды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлайды. «Сыр жастары — жасампаздық жаршысы» атты қала жастарының дәстүрлі IV форумында 2013 жылы Польшада өткен ауыр атлетикадан Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Алмас Өтешовті ұлықтау шарасы да жүргізілді», — делінген хабарламада. Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев әлем чемпионатында қызылордалықтардың мәртебесін үстем етіп, патриоттық рух берген Алмас Өтешовке 500 мың теңге сыйақы берсе, Сыр жастарының атынан Қызылорда Студенттер альянсының көшбасшысы Жасұлан Алдабергенов «Сыр мақтанышы» номинациясы мен қала жастарының алғыс хатын табыс етті. Өз кезегінде, Алмас Өтешов жоғары дәрежеде қолдау, қошемет көрсеткен қала…

0
0
386