Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Ұлттық арнада – «Ұстаз» телехикаясы

Таяуда  «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан «Ұстаз» атты жаңа отандық телехикая көрерменге жол тартады.

«Ұстаз» көпсериялы фильмі Қазақстандағы тәрбиелік жүйе туралы ғана емес, сондай-ақ, көптен бері күрмеуі шешілмей келе жатқан ауыл шаруашылығы тақырыбын да қозғайды.

Фильм желісі бойынша, қала типтес ауылдардың біріне мектеп салынады. Алайда, нысан салынып бітісімен, бірден кадр тапшылығы мәселесі алдан шығады. Мектептің директоры Байзақов Білім министрлігіне оқу ордасына жас мамандарды жолдау жөнінде сұраныс жібереді.

Дәл осы сәтте Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтын Салтанат есімді бойжеткен қызыл дипломмен аяқтайды. Ол нағыз педагог болып туған жан еді. Егер оның жігіті үйленуге ұсыныс жасамағанда, Салтанат қызметіне кірісіп кетуге дайын болатын.

Бірақ, ол мансапты желеу етіп, жігіттің ұсынысынан бас тартады. Ашуға булыққан жігіт оның жолына кедергі болуға әрекет жасайды. Соның салдарынан Салтанат аспирантураға түсе алмайды да, маман сұраған директор Байзақовтың мектебіне кетеді.

Осы мезгілде Қайрат атты студент те оқу бітіріп, өзін физика пәнінің мұғалімі ретінде ұсынады. Ол да сол Байзақовқа жіберіледі.

Салтанат пен Қайраттан басқа, бұл ауылға дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Бақыт, географиядан сабақ беретін Мөлдір және ағылшын тілінің маманы Жәнібек келеді.

Осылайша, жас мамандардың бір ауылға жиналуы қызықты хикаялардың басталуына негіз болады...

Оқиғаның қалай өрбитінін Ұлттық арнадан біле аласыздар.

Телехикая 3 желтоқсаннан бастап «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан көрсетіле бастайды.

1
3
1963

Осы тақырып бойынша

Ұлттық арнада – «Ұстаз» телехикаясы - Yvision.kz