Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Еуропа лигасы: «Шахтер» соңғы мүмкіндікті жіберіп алды

«Шахтер» командасы

Футболдан «Шахтер» командасы Астанада гректің ПАОК клубын қабылдап, 0:2 есебімен ұтылды.

Ойынның бірінші таймында есеп ашылған жоқ. Ал екінші таймда грекиялық команда ойыншысы Лукастың сол жақтан асыра тепкен добын Мокин тоса алмады. Ал ойын соңында Кициу есепті еселеді.

«Шахтер» (Қазақстан) — ПАОК (Салоники, Грекия) 0:2 (0:0)

Гол: Лукас 54 (0:1). Кициу 90 (0:2)

«Шахтер» соңғы ойынын 12 желтоқсанда сырт алаңда «Маккабимен» өткізеді. Бұл ойынның нәтижесіне қарамастан қарағандылық команда топтан шығу мүмкіндігінен айырылды, деп хабарлады alaman.kz.

 
0
0
347

Осы тақырып бойынша

Еуропа лигасы: «Шахтер» соңғы мүмкіндікті жіберіп алды - Yvision.kz