Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

«Таңшолпан» енді ғаламторда

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасының көрермен көзайымына айналған бағдарламасының бірі «Таңшолпан» екені анық.

Алаш жұртын таңмен бірге қарсы алатын тамаша бағдарлама заман ағымына, көрермендерінің сұранысына сай  жандана түсуде.

«Таңшолпанды» енді ғаламтордан емін-еркін тамашалауға мүмкіндік туды. Бағдарламаның  tankaz.kz сайты  іске қосылды.


Бағдарлама қонақтарымен болған мәнді әңгімелердің бейнежазбасын енді осы жерден таба аласыз.

Алаштың атаулы күндері, біртуар тұлғалары туралы эксклюзивті сюжеттер де осында.

«Қазақ жері» айдарында еліміздің әр өңіріндегі көрікті жерлерге көз сүйіндіріп, таңғажайып ескерткіштердің құпиясына қанық боласыз.

Ақша қайдан пайда болды? саусақ іздерінің құпиясы, әлемдегі ең әдемі жағалаулар, халықтардың ерекше дәстүрлері, дүниежүзіндегі «біртүрлі» мерекелер тағы сол секілді көптеген қызықты дүниелерді білгіңіз келсе «Қызықты мәліметтер» айдарына көз жүгіртіңіз.

Қазақтың маңдайалды әншілерінің өнері, тұсауы жаңа кесілген бейнебаяндар «Бейнебаян» айдарында.

Балдырғандар үшін «Мультфильмдер» айдары бар.

Қысқасы, ұлттық бояуы қанық, танымды арттырар дүние іздесеңіз «Таңшолпан» сайтының қонағы болыңыз.

     
1
1
1759

Осы тақырып бойынша