Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақстанның хоккейшілері ағылшындарды жеңді

Қазақстан жас хоккейшілері

Бүгін Қазақстан жас хоккейшілері Ұлыбританияға қарсы айдынға шығып, 6:1 есеппен жерлестеріміз жеңіске жетті, деп жазады alasharena.kz спорт порталы.«Дамфристе өтіп жатқан шайбалы хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасы екі рет жеңіске жетті. 9 желтоқсан күні біздің жігіттер Украина құрамасымен кездесіп, 7:2 есебімен жеңіске жетті. Бұл күні Кошелев, Кинстлер, Михайлис, Ыбырайбеков сынды хоккейшілеріміз шайба соғып, командасын жеңіске жетелеген болатын. Кинстлердің еншісінде екі, Михайлисте үш шайба бар», — деп хабарлайды Қазақстан шайбалы хоккей федерациясының баспасөз қызметі.  

Бүгін Қазақстан хоккейшілері Ұлыбританияға қарсы айдынға шығып, Сергиенко мен Савицкий екі-екіден шайба соқса, Шестаков пен Нұрлан Қабиев бір рет мергендігімен көзге түсті. Қорытынды есеп – 6:1 жерлестеріміздің жеңісі.

Ертең біздің құрама Италия құрамасымен кездеседі. Ал 14 желтоқсан күні Жапония, 15 желтоқсан күні Франция хоккейшілерімен айдында күш сынасады.

 
 
0
0
281

Осы тақырып бойынша

Қазақстанның хоккейшілері ағылшындарды жеңді - Yvision.kz