Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Минск қаласында қазақ күресінен ІV Әлем чемпионаты өтеді

Минск қаласында қазақ күресінен ІV Әлем чемпионаты өтеді

21-22 желтоқсан күндері Беларус астанасы — Минск қаласында қазақ күресінен ІV Әлем чемпионаты өтеді. Байрақты бәсекеге әлемнің 40-қа жуық мемлекетінен 200-ден астам балуан қатысады деп күтілуде, деп хабарлайды Baq. kz .

Аталған сында ел намысын қорғайтын спортшылар:

60 келі — Абзал Арыстанбеков
70 келі — Ерлан Естек
80 келі — Ерсін Мұхамеджанов
90 келі — Мұхит Тұрсынов
+90 келі — Айбек Нұғымаров

Естеріңізге болса, Абзал Арыстанбеков, Ерлан Естек, Ерсін Мұхамеджанов және Мұхит Тұрсынов тұңғыш рет Тараз қаласында өткен «Еуразия барысы» халықаралық турнирінде тамаша өнер көрсеткен болатын. Сондай-ақ, бұл дүбірлі додада «Қазақстан барысы-2013″ турнирінің жеңімпазы Айбек Нұғымаров та бозкілемге шығады. Ұлттық құраманың балуандары көк туымызды желбіретеді деп сенеміз.

   
0
0
270

Осы тақырып бойынша

Минск қаласында қазақ күресінен ІV Әлем чемпионаты өтеді - Yvision.kz