Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жансая Әбдімәлік әлемді тағы да мойындатты

Жансая Әбдімәлік

Еліміздің жас шахматшысы Жансая Әбдімәлік Чехияда BRNO OPEN 2013 халықаралық турнирінде жеңімпаз атанды. Бұл жарысқа әлемнің 14 елінен 70-ке жуық спортшы қатысты. 20 жасқа дейінгі қыздар арасынан вице-чемпион атанған жерлесіміз 7,5 ұпай жинап, әлемді тағы да мойындатты.

Швейцариялық жүйе бойынша ұйымдастырылған турнирге қатысушылардың арасында алты халықаралық дәрежедегі және бес ФИДЕ шебері бар.

Жерлесіміз мүмкін болған 9 ұпайдың 7,5-ін қоржынына салып, әйелдер арасындағы гроссмейстер атануға мүмкіндік алды, деп хабарлады 24.kz.

   
0
0
305

Осы тақырып бойынша

Жансая Әбдімәлік әлемді тағы да мойындатты - Yvision.kz