«Пленницы» (2013) - соңғы он жылдықтағы ең үздік психологиялық триллердің бірі. Күңгірт атмосферасымен, жаңбырлы ауа-райымен, өз рольдерін жақсы сомдаған актерларымен және үрей тудыратын саундтрегімен қамтылған кино. Фильм 2,5 сағаттық болса да, соңына дейін шиелініскен жағдайда отырасың. Фильм, атынан-ақ белгілі, кішкентай екі қыздың із-түссіз жоғалып кетуі жайында. Дағдылы бір күнде, Массачусетс штатының кішігірім қалашығындағы екі отбасының бірінің үйінде қонақта отырған шағында болған келеңсіз жайт. Күдікті ретінде тәтесінің қарамағындағы психикалық ауру жігіт ұсталады. Бірақ осы күнге дейін бір жұмысты сәтсіз орындамаған детектив ақыл-есі он жасар жігіттің мұндай қылмысқа баруына күманданып, түрмеден босатады. Себебі бұл маңда кезінде сексуалдық тұрғыда сотталған басқа да тоғыз қылмы…