Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

2040 жылға қарай Қазақстанда су ресурстарына сұраныс 56%-ға жылына 25 млрд куб метрге дейін артады – сарапшылардың бағалауы

Сарапшылардың ұзақ мерзімді болжауына сәйкес 2040 жылға қарай су ресурстарына сұраныс Қазақстанда 56% артып, жылына шамаман 25 млрд куб метрді құрайды, деп хабарлады бүгін ҚР қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров Үкімет отырысында.
«2040 жылға қарай су мен су тұтынуға сұраныс жалпы Қазақстан бойынша 56% артып, қазіргі 16 млрд. куб метрмен салыстырғанда жылына 25 млрд. куб метрді құрайды», - деді Н.Қаппаров.
Ведомство басшысының айтуынша, өсудің аталған болжамы болжанған мерзімде халық санының 20,8 млн адамға дейін артуының негізінде қалыптастырылған. Сондай-ақ, ол атап өткендей, жылына су тұтыну жан басына шаққанда орта есеппен алғанда 1,9 % динамикамен өсіп отырады.
 
0
0
240

Осы тақырып бойынша

2040 жылға қарай Қазақстанда су ресурстарына сұраныс 56%-ға жылына 25 млрд куб метрге дейін артады – сарапшылардың бағалауы - Yvision.kz