Мазмұнға өту

Жаңа

Петропавл қалалық ІІБ жаңа басшысы тағайындалды.

ҚР Ішкі істер министрлігінің бұйрығымен полиция полковнигі Қанат Айтбаев Петропавл қаласы ІІБ бастығы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен. Солтүстік Қазақстан облысы ІІД бастығы полиция полковнигі Ақан Қажыкенов жаңа басшыны жеке құрамға таныстырды және қалалық басқарманың жеке құрамының тәртіпті және заңдылықты сақтауын қатаң бақылау және жедел қызмет саласындағы барлық көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз етуін негізгі міндеттер қатарында белгілей отырып, оның өнімді қызмет атқаруына тілектестік білдірді. Қ. Айтбаев ішкі істер органдарында 1992 жылдан бері жұмыс істейді. Әкімшілік полиция бөлімшелерінде еңбек жолын бастаған, 1999 жылдың наурыз айынан бері криминалдық полицияда. 2002 жылы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның қылмыс…

0
0
553

Қазақстан мен Ресей Қорғаныс министрлері жыл қорытындысын шығарды

Бүгін Мәскеуде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлерінің кездесуі өтті. Кездесу барысында Әділбек Жақсыбеков пен Сергей Шойгу екіжақты әскери-техникалық ынтымақтастық және екі ел қорғаныс-өнеркәсіп кешендері арасындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады. Екі ел қорғаныс ведомстовларының басшылары 2013 жылғы бірлескен жұмыстарды қорытындылай келе Қазақстан мен Ресей арасында қорғаныс және қауіпсіздік саласында толық өзара түсіністікке қол жеткізілгенін атап өтті. Екі ел арасындағы қару-жарақ саласындағы тауар айналымы алғаш рет ең жоғары деңгейге, яғни, 140 млн. АҚШ долларына жетіп отыр. Ағымдағы жылғы қызметтің нәтижесі ретінде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғанын, екі е…

0
0
289

Н. Қаппаров министрлер кабинетін су ресурстарын басқару мембағдарламасының жобасымен таныстырады

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2013/12/100-87/ Н. Қаппаров Қазақстанның су ресурстарын басқарудың мемлекеттік бағдарламасының жобасымен таныстырады. Бұл туралы бүгін Астанадағы брифингте ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті. «Ертең Премьер-Министр Серік Ахметовтің төрағалығымен Үкіметтің дәстүрлі отырысы өтеді. Отырыс барысында 2013 жылға арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалық жұмысы жоспарының орындалу барысы талқыланады»,-деді ресми өкіл. Оның сөзіне қарағанда, аталған мәселе бойынша ҚР Әділет министрі Берік Имашев баяндама жасайды деп күтілуде. Сонымен қатар ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров Қазақстанның су ресурстарын басқарудың мемлекеттік бағдарламасының жобасымен таныстырады.…

0
0
241

Қазақстандық хоккейшілер Бүкіләлемдік қысқы универсиадада күміс медальді жеңіп алды

Қазақстандық хоккейшілер

Қазақстанның студенттік командасы Бүкіләлемдік қысқы универсиаданың финалдық матчында 2:6 есебімен Канада командасына жол берді.

Sports.kz ақпаратына қарағанда, Энтони Питерстің қақпасына Александр Шин алғашқы шайбаны енгізді, бұдан кейін Майк Каззола есепті теңестіріп, ал Джош Дэй мен Мэтью Майоне канадалықтарды алға шығарды. Екінші кезеңде есеп айырмашылығын Крис Куллиган мен Ник Макнил ұлғайтты. Үшінші кезеңде матч қорытындысын өз есептеріне екінші шайбадан жазған Куллиган мен Шин шығарды.

0
0
523

Қазақстан Трентинодағы Универсиадада жалпы командалық есепте 15-ші орынға ие болды

Италияның Трентино провинциясында XXVI Бүкіләлемдік қысқы универсиада аяқталды, деп хабарлады Sports.kz. Медальдар есебі бойынша 50 медальға (15 алтын, 16 — күміс және 19 — қола) ие болған Ресейлік өкілдер сенімді жеңіске жетті, екінші орында поляк спортшылары — 23 (10,10,3), үшінші орындағы Оңтүстік Корея командасы — 24 (8,9,7), поляктарға «алтынның» жалпы санынан жол берді. Қазақстандық студенттер он бесінші орынға (30 құрама арасында) табан тіреді, олардың есебінде 5 марапат (2 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль) бар. Жүлделі орындардың жалпы саны бойынша қазақстандықтар словактармен 14-ші орынды бөлісті. Еске сала кетейік, бұл Универсиадада қазақстандық команда қоржынына шаңғы жарысында Татьяна Осипова мен ағайынды Малышевтердің (Александр және Сергей), Геннадий Матвиенко мен Марк Старости…

0
0
291

Геннадий Головкиннің кәсіби рингтегі 30-шы ұрысындағы қарсыласы аталды

НВО телеарнасының спорт бөлімшесінің президенті Кен Хершман WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлемнің суперчемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен рингке шығатын әлеуетті қарсыластардың есімдерін атады, деп хабарлады vesti.kz. Хершманның айтуынша, Головкиннің командасы салмақ санатына қарамастан кез келген қарсыласпен жекпе-жекке шығуға дайын. «Бізде бірқатар ықтимал қарсыластар бар. Олардың арасында Серхио Мартинес, Андре Уорд, тіпті Адонис Стивенсон да болуы мүмкін», — деп оның сөзін келтірген ESPN. Еске сала кетейік, 2014 жылы Головкин алғашқы ұрысын 1 ақпанда Монте-Карлода ганалық Осуману Адаммен өткізеді. Келесі жекпе-жек қазақстандық үшін кәсіби рингтегі 30-шы сайыс болмақ, ол 26 сәуірге белгіленген. Хершман сәуір айында Головкин орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы австралиялы…

0
0
436

Алексей Полторанин Әлем Кубогының жекелей спринті кезеңінде екінші болып келді


Алексей Полторанин

Азиагода (Италия) шаңғы жарысынан Әлем Кубогының төртінші кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлады Sports.kz.

Ресейлік Никита Крюков классикалық стильде жекелей спринтте жеңіске жетті. Екінші орында — қазақстандық Алексей Полторанин, үшінші орынға — швейцарлық Джанлука Колонья шықты.

Шаңғы жарысы. Әлем Кубогы. Төртінші кезең. Азиаго (Италия),
Ерлер. Жекелей спринт. Классикалық стиль.

1. Никита Крюков (Ресей) — 4:21.18

2. Алексей Полторанин (Қазақстан) — +0.14

3. Джанлука Колонья (Швейцария) — +4.11.

0
0
407

Қарулы Күштердің әскери қызметшілері жолда қалған 120 адамды құтқарды

Қазақстан армиясының әскери қызметшілері Қарағанды облысының аумағындағы жолда қалып қойған 120 адамды құтқарды. 36352 әскери бөлімінің құтқару жасағы қарлы боранның қақпанына түскен автокөліктерді алып шығу үшін 4 сағат бойы жол тазалаумен айналысты. Ауа райының күрт бұзылуына байланысты Алматы-Екатеринбург трассасында Қарағанды қаласынан 47 шақырым қашықтықта Ақбастау кентінің маңында боранды күні 12 жүк көлігі, 10 жеңіл автокөлік, сондай ақ жүргіншілер мінген 2 автобус жолда қалған. Қар үйінділерінің биіктігі кей жерлерде 2 метрге дейін жеткен. Машиналарды эвакуациялау үшін Спассктегі оқу-жаттығу орталығының қолбасшылығы 2 автомобиль мен бір шынжыр табанды техника бөлді. Операция табысты аяқталып, әскери қызметшілер жүргізушілердің Қарағанды қаласына дейін жетіп алуына көмектесті. Қар…

0
0
330