Мазмұнға өту

Жаңа

Парламент қазақстандық әскери қызметшілердің БҰҰ бітімгершілік операцияларына қатысуын мақұлдады

Бүгін Парламент Палаталарының бірлескен отырысы болып, онда депутаттар Мемлекет басшысының қазақстандық әскери қызметшілерді БҰҰ-ның бейбітшілікті қолдау жөніндегі операцияларына және бақылаушылар ретінде жіберу жөніндегі үндеуін қолдады. - Бұл Қазақстан Қарулы Күштері дамуындағы маңызды қадам – біздің офицерлеріміз бітімгершілік операцияларына қатысу бойынша құнды тәжірибе жинақтап, халықаралық ортада жұмыс істеуге машықтанады. Бітімгершілік саласындағы қазіргі заманғы рәсімдер зерделеніп, оларды біздің бітімгершілік бөлімшелерімізді даярлауға енгізетін боламыз, - деді қорғаныс ведомствосының басшысы. Осы бағыттағы қызметтің маңыздылығы әлемдік қауымдастықтағы мемлекеттің беделін нығайтудың өзекті болуымен айқындалады. Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгершілік қызметінің рөлі айтарлықтай: Б…

0
0
565

2013 жылғы 24 желтоқсанда Астана қаласында экономиканың әр түрлі секторларындағы парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлу субъектілері – кәсіпорындар үшін парниктік газдар шығарындылары бойынша есептілік мәселелеріне арналған семинар өтеді. Іс-шара

0
0
329

Елбасы Парламентке БҰҰ миссияларына қазақстандық әскерилерді жіберу туралы Үндеу жолдады

Бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің офицерлерін БҰҰ-ның миссияларына қатысу үшін бақылаушылар ретінде жіберу туралы Үндеуі жарияланды. Бірлескен отырыс барысында Қорғаныс министрі Ә. Жақсыбеков Елбасының БҰҰ бейбітшілікті қолдау жөніндегі операцияларына бақылаушылар ретінде қазақстандық әскери қызметшілерді жіберу туралы Парламентке Үндеу жолдауды жүктегенін айтып, Президент үндеуін депутаттар алдында оқып берді. «Соңғы жылдары әлемдік қоғамдастықтың дүние жүзінің түрлі өңірлеріндегі қарулы жанжалдарды бейбіт реттеуге жәрдемдесуге бағытталған бітімгершілік операциялары деңгейіндегі күш-жігері елеулі арта түсті. Статистикаға сәйкес, 1992 жылдан бері әлемде мемлекетаралық жан…

0
0
256

Нұрсұлтан Назарбаев Сочи Олимпиадасының ашылуына қатысуды жоспарлап отыр

Сочи Олимпиадасы
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Сочидегі Олимпиада ойындарының ашылу рәсіміне қатысуды жоспарлап отыр. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов айтты, деп жазады vesti.kz.

«Мемлекет басшысы Сочидегі Қысқы Олимпиаданың ашылу рәсіміне қатысуды жоспарлап отыр», — деп келтірген Е. Ыдырысовтың сөзін Twitter-дегі ҚР СІМ-нің ресми аккаунты.

Айта кетейік, Сочидегі Олимпиада ойындары 2014 жылдың 7 ақпанында басталады. Шара Олимпиадалық «Фишт» стадионында өтеді және бұл салтанатты рәсім үш сағатқа созылмақ.

АСТАНА. ҚазАқпарат - Автор: Руслан Ғаббасов
0
0
341

Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингісінде төрт сатыға жоғары көтерілді

ФИФА ұлттық құрамалардың жаңартылған рейтингін жария етті, деп хабарлады Sports.kz. Осы айда Қазақстан ұлттық құрамасы төрт сатыға жоғары көтеріліп, 128-орынға жайғасты. Көш басында футболдан Әлем және Еуропа чемпиондары Испания құрамасы, содан кейін Германия және Аргентина. ФИФА рейтннгі 1 (1). Испания — 1507 ұпай 2 (2). Германия — 1318 3 (3). Аргентина — 1251 4 (4). Колумбия — 1200 5 (5). Португалия — 1172 6 (6). Уругвай — 1132 7 (7). Италия — 1120 8 (8). Швейцария — 1113 9 (9). Нидерланды — 1106 10 (10). Бразилия — 1102 18 (18). Украина — 907 22 (22). Ресей — 870 34 (35). Армения — 716 68 (68). Өзбекстан — 526 81 (82). Беларусь — 431 94 (95). Әзірбайжан — 363 94 (96). Эстония — 363 96 (97). Молдова — 359 101 (101). Грузия — 330 102 (102). Литва — 326 114 (116). Тәжікстан — 286 116 (119…

0
0
371

Қазақ деген атпен шыққан Alash Pride спортшысы Азия чемпионы атанды

Қайрат Ахметов Азия чемпионы титулын жеңіп алды

Alash Pride клубының Қазақ деген атпен танылған спортшысы Қайрат Ахметов Азия чемпионы титулын жеңіп алды, деп хабарлады Vesti.kz.

Алматыда өткен «Ұлы майдан» турнирінің бағдарламасында Қазақ Жапония өкілі Ватанабе Татсуямен кездесті. Табанды кездесу жоспарланған үш раундқа жалғасып, төрешілер жеңісті қазақстандық спортшыға берді.

Осы кездесудің алдында Alash Pride-тан Арман Оспанов ресейлік Евгений Леничевті ұтса, Шешенстан Республикасының спортшысы Лом Али Медиев Азамат Баходурзодудан басым түсті. Осылайша Alash Pride пен әлем құрамасының арасындағы кездесудің есебі 7:5-ті көрсетіп, алаң иелерінің пайдасына шешілді.

0
0
468

Қазақстандық шаңғышы қыздар Универсиадада қола еншіледі

Қазақстандық шаңғышы қыздар Универсиадада қола еншіледі

Қазақстанның шаңғыдан қыздар құрамасы Италияның Трентино қаласында өтіп жатқан Бүкіләлемдік қысқы Универсиада-2013-те 3х5 шақырымдық эстафетада қола жүлдеге ие болды, деп хабарлады Vesti.kz.

Эстафетада басты межені 42 минут 15,8 секундта бағындырған Украина командасы бірінші орынды жеңіп алды, екінші орын Швеция құрамасына бұйырды, олар жеңімпаздардан небәрі 3,1 секундқа қалып қойды.

Ал құрамында Татьяна Осипова, Ольга Мандрик және Марина Матросова бар қазақстандық команда жеңімпаздардан 19,6 секундқа қалып қойды.

0
0
384

Минск қаласында қазақ күресінен ІV Әлем чемпионаты өтеді

Минск қаласында қазақ күресінен ІV Әлем чемпионаты өтеді

21-22 желтоқсан күндері Беларус астанасы — Минск қаласында қазақ күресінен ІV Әлем чемпионаты өтеді. Байрақты бәсекеге әлемнің 40-қа жуық мемлекетінен 200-ден астам балуан қатысады деп күтілуде, деп хабарлайды Baq. kz .

Аталған сында ел намысын қорғайтын спортшылар:

60 келі — Абзал Арыстанбеков
70 келі — Ерлан Естек
80 келі — Ерсін Мұхамеджанов
90 келі — Мұхит Тұрсынов
+90 келі — Айбек Нұғымаров

Естеріңізге болса, Абзал Арыстанбеков, Ерлан Естек, Ерсін Мұхамеджанов және Мұхит Тұрсынов тұңғыш рет Тараз қаласында өткен «Еуразия барысы» халықаралық турнирінде тамаша өнер көрсеткен болатын. Сондай-ақ, бұл дүбірлі додада «Қазақстан барысы-2013″ турнирінің жеңімпазы Айбек Нұғымаров та бозкілемге шығады. Ұлттық құраманың балуандары көк туымызды желбіретеді деп сенеміз.

0
0
278

Жансая Әбдімәлік әлемді тағы да мойындатты

Жансая Әбдімәлік

Еліміздің жас шахматшысы Жансая Әбдімәлік Чехияда BRNO OPEN 2013 халықаралық турнирінде жеңімпаз атанды. Бұл жарысқа әлемнің 14 елінен 70-ке жуық спортшы қатысты. 20 жасқа дейінгі қыздар арасынан вице-чемпион атанған жерлесіміз 7,5 ұпай жинап, әлемді тағы да мойындатты.

Швейцариялық жүйе бойынша ұйымдастырылған турнирге қатысушылардың арасында алты халықаралық дәрежедегі және бес ФИДЕ шебері бар.

Жерлесіміз мүмкін болған 9 ұпайдың 7,5-ін қоржынына салып, әйелдер арасындағы гроссмейстер атануға мүмкіндік алды, деп хабарлады 24.kz.

0
0
317