Мазмұнға өту

Жаңа

«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық шарасы жөнінде БАҚ-қа ақпарат

Қылмысқа қарсы күресті күшейту, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жаңа жылдық мерекелер қарсаңында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында а.ж. 23 желтоқсанынан бастап, ішкі істер органдары «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық шарасын жүргізуде. Іс-шаралар өтетін кезеңде алға қойылған міндеттерді орындау мақсатында барлық бөліністердің жеке құрамы және ішкі істер органдарының қызметтері, сондай-ақ Ішкі әскерлер де барынша жұмылдырылған. Аталған кезеңде қоғамдық орындар мен көшедегі құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу және жолын кесу бойынша жұмыс жанданып, көңіл көтеруге арналған мекемелер маңайында, өзге де азаматтар көп жүретін орындарда патрульдік күзет ұйымдастырылды. Жеке құрам жұмысы негізінен қару мен оқ-дәрілердің заңсыз айналымы фактілерін анықтау, сондай…

0
0
959

Қазақстандық клубтар ҚХЛ және ЖХЛ матчтарын бастайды

АСТАНА. 24 желтоқсан. ҚазАқпарат — Ертең, 25 желтоқсан күні Жоғары хоккей лигасында өнер көрсетіп жүрген «Сарыарқа» (Қарағанды) және «Қазцинк-Торпедо» (Өскемен) хоккей клубтары кезекті матчтарын өткізеді. «Сарыарқа» сырт алаңда «Сокол» командасымен кездессе, «Қазцинк-Торпедо» өз алаңында «Челметті» қабылдайды. Айта кеткен жөн, турнирлік кестеде Қарағанды қаласының құрамасы 4-ші орында келеді. Ал Өскеменнің хоккей клубы — 10-шы орында. Астана қаласының «Барыс» командасы болса, 26 желтоқсанда «Адмиралмен» күш сынасып көреді. Бұл матч елордадағы «Қазақстан» спорт кешенінде өтпек. Айта кетейік, Еуропада өткен спорт додаларына байланысты ҚХЛ мен ЖХЛ матчтары уақытша тоқтатылған болатын. Италияның Трентино қаласында өткен Бүкіләлемдік қысқы студенттер Универсиадасына Қазақстанның барлық дерлік…

0
0
303

2040 жылға қарай Қазақстанда су ресурстарына сұраныс 56%-ға жылына 25 млрд куб метрге дейін артады – сарапшылардың бағалауы

Сарапшылардың ұзақ мерзімді болжауына сәйкес 2040 жылға қарай су ресурстарына сұраныс Қазақстанда 56% артып, жылына шамаман 25 млрд куб метрді құрайды, деп хабарлады бүгін ҚР қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров Үкімет отырысында.
«2040 жылға қарай су мен су тұтынуға сұраныс жалпы Қазақстан бойынша 56% артып, қазіргі 16 млрд. куб метрмен салыстырғанда жылына 25 млрд. куб метрді құрайды», - деді Н.Қаппаров.
Ведомство басшысының айтуынша, өсудің аталған болжамы болжанған мерзімде халық санының 20,8 млн адамға дейін артуының негізінде қалыптастырылған. Сондай-ақ, ол атап өткендей, жылына су тұтыну жан басына шаққанда орта есеппен алғанда 1,9 % динамикамен өсіп отырады.
0
0
253