Мазмұнға өту

Жаңа

Жаңартылған «Талдықорған» әскери ұшақжайында ұшулар жалғасады

Бүгін Қазақстан Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінде мен авиатехникалар мен әскери қызметшілердің жаңартылған «Талдықорған» әскери ұшақжайына қайта қоныстануы басталды. Жеке құрам мен авиациалық техника ұшу алаңының толық жөнделуінен соң туған авиабазаға қайтып оралды. 45 жыл бойы пайдаланылған әскери ұшақжайға бірінші рет қайта жаңарту жұмыстары жүргізілді. ҚР Қорғаныс министрі Қазақстан әскери әуе күштерінің ұрысқа қабілеттілігіне және әскери авиацияның ұшу қауіпсіздігіне баса назар аударып отырады. Қорғаныс ведомствосы басшысының тапсырмасы бойынша құрылыс жұмыстары барысында ұшу-қону алаңы толық ауыстырылды. Алаң жақтауларына күрделі метрологиялық жағдайларда және түн мезгілінде ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жаңа жарық беруші жабдықтар орнатылды. Жаңартылған соң әскери ұшақжа…

0
0
269

Космостық кеңістіктегі тәжірибелер

Космостың кеңістігінде бірнеше ойша тәжірибе жасап көрейік.1) Ашық космоста, кәдімгі су сұйықтық күйінде үлкен іріткі болып қалқып жүр дейік. Вакуумды сорап көмегімен оны жинап алуға бола ма?2) Космостық кеме ішінен кәдімгі ауамен толтырылған шарды ашық космосқа алып шықса онда не болады?3) Сатурн (Қоңырқай) ғаламшарын қатты дене деп оны үлкен суға толған ыдыстың ішіне салсақ не болады?4) Жердің орбитасы автотрасса десек, біз аялдамада тұрғанда жер қасымыздан қандай жылдамдықпен өте шығар еді?Сұрақтарға жауап іздейік. 1) Вакуумдық сорапқа цилиндр — поршеньді саяжайларда көп кездесетін сорап жатады. Вакуумдағы сұйықтықты вакуумдық сорап сормайды. Жерде ондай сорап көмегімен тек 10 метрге тереңдіктегі құдықтағы суды шығаруға болады. Себебі, сұйықтық тұрған құдық ішіндегі су бетіне түсетін а…

1
0
1695

Қытай Халық Республикасы шаруашылығының қалыптасуы мен дамуының экономикалық-географиялық тұжырымдамасы

Қытай Еуразияның аса шұрайлы әрі қолайлы жеріне орналасқан мемлекет. Ол ерте заманда шығыс өркениеті мен мәдениетінің ошақтарының бірі болған. Осы аймақта адам баласының арғы ата-тегінің бірі ежелден мекен еткендігі бүгін ғылыми тұрғыда дәлелденген. Мысалы, “Пекин адамы” деп аталатын ертедегі адамдардың шамамен біздің заманымызға дейінгі 460–230 мың жылдар аралығында осы жерде өмір сүргендігі анықталған. Ал, кейбір деректерге сүйенсек, ертедегі адамдардың одан да бұрын қалыптасып үлгіргендігі айтылады.ғылыми тұрғыда анықталған[5]. Демек бүгінгі Қытай Халық Республикасы “ҚХР” тұрған географиялық аумақ ертеден-ақ өздерін Аспан асты жұрты немесе әлемнің орталығы санаған қисапсыз халық мекендеген, адамзат әрекетінің әсеріне күшті қалыптасқан өңір болып табылады [6]. ҚХР-дың негізгі халқы – қы…

1
1
42005

Ақмола полицейлері РФ Мәскеу облысында 14 жыл мемлекетаралық іздеуде болған қылмыскерді құрықтады.

Ақмола полицейлері РФ Мәскеу облысында 14 жыл мемлекетаралық іздеуде болған қылмыскерді құрықтады. «ҚазАқпарат», 14.01.2014ж. Ақмолалық полицейлер РФ Мәскеу облысында кісі өлтіргені үшін 14 жыл мемлекетаралық іздеуде болған қылмыскерді құрықтады.Бұл туралы Ақмола облысының ІІД баспасөз қызметі хабарлады. Айыпталушы Көкшетау қаласында 1999 жылы жасаған қылмысы үшін ҚР ҚК 96-бабы (кісі өлімі) бойынша іздестіруде болған.1999 жылы 6 шілдеде айыпталушы Көкшетау қаласының соңғы аялдамадағы диспетчерлік пунктінде шала таныс Көкшетау қаласының 36 жасар тұрғынымен спирттік ішімдік ішіп, артынан оны соққыға жығады, қару ретінде тұрмыстық затты пайдаланған.Алған жарақаттардың нәтижесінде жәбірленуші сол жерде жан тапсырады, ал күдікті қылмыс орнын суытып үлгереді.1999 жылдың 20 шілдесінде 28 жасар к…

0
0
390

Қостанай облысында жыл басынан бері заңсыз балық аулаудың 7 фактісі тіркелді.

Қостанай облысында жыл басынан бері заңсыз балық аулаудың 7 фактісі тіркелді. Бұл туралы BNews.kz тілшісі «Тобыл-Торғай облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» РММ басшысының орынбасары Александр Федулов айтты.

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2014/01/3126-207/

0
0
236

Ақтөбеде Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың қайтыс болғанына 70 жыл толуына арналған митинг өтті

ҚазАқпарат, 13.01.2014 14 қаңтарда Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың қайтыс болған күніне 70 жыл толады. Бүгін Ақтөбеде батыр қыздың мемориалдық кешенінде еске алу митингісі өтті. Іс-шараны Ә. Молдағұлова атындағы мұражай, мәдениет басқармасы және «Қос шынар» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Ескерткіш маңына Ә. Молдағұлованың туыстары, студенттер, ардагерлер, қоғамдастық өкілдіктері қатысты. Еске алу митингісіне Ұлы Отан соғысында жандарын қиған батыр қыздарымыздың құрметіне есімдері қойылған 70-ке жуық ақтөбелік қыздар қатысты. Митинг ескерткішке гүл шоқтарын қоюмен аяқталды. "Қос шынар" қоғамдық бірлестігінің басшысы Ғалымжан Байдербестің айтуынша, Ә. Молдағұлованың қайтыс болған күніне 70 жыл толуына байланысты ұйымдастырылған негізгі іс-шара ертең Қобда ауданы Әлия кентінде ө…

0
0
505

«Астана» ЦСКА-дан ұтылды

«Астана» ЦСКА-дан ұтылды

«Астана» командасы ВТБ лигасының матчында Мәскеудің ЦСКА-на есе жіберді — 69:88,

деп хабарлады Sports.kz.

12 ұпайдан жинаған «Астана» құрамындағы Джерри Джонс пен Брион Раш үздіктер қатарынан орын алды. Ал Янис Блумс — 10, Оласени Лавле, Дмитрий Климов пен Пэт Калатес 8 ұпайдан, Андрия Жижич — 5, Анатолий Колесников — 4, Бранко-Цветкович 2 ұпайдан жинады.

18 қаңтар күні «Астана» Самарада «Красные Крыльямен» кездеседі.

ВТБ бірыңғай лигасы. Жүйелі чемпионат. 11-ші тур.

«Астана» (Астана, Қазақстан) — ЦСКА (Мәскеу, Ресей) 69:88 (20:24, 14:18, 18:22).

0
0
249

Теннистен қысқы чемпионат жеңімпаздары анықталды

Қазақстанның теннистен қысқы чемпионаты аяқталды, деп хабарлады ҚР Теннис федерациясының баспасөз қызметінен. Чемпиондық атақты Денис Евсеев ұтып алды. Финалда ол Тимур Хабибуллинді 6:1, 6:3 есебімен ұтты. Осыған дейін жартылай финалда Денис Евсеев Қайсар Бекимовтен, ал ширек финалда Сағадат Аяптан, оған дейін Қасымбек Ақжаркенов пен Илья Павленкодан басым түскен еді. Жекелей бәсекеде қыздар арасында Екатерина Ключева жеңіске жетті. Финалда ол өзінің жұптасып ойнаудағы серіктесі Александра Гринчишинамен кездесті. Қорытындысы -5:7, 6:1, 6:3. Сондай-ақ жекелей бәсекедегі финалистер Екатерина Клюева мен Александра Гринчишина жұптасып ойнауда да ерекшеленді. Финалда олар Анастасия Епишева мен Екатерина Губанованы жеңді. Кездесу қорытындысы — 6:2, 3:6, 11:9. Ерлер арасында жұптасқан ойында Тим…

0
0
359

Сочидегі Олимпиадаға Қазақстанның ресми делегациясы құрамында 300-ге жуық адам барады

Сочидегі Олимпиада ойындарына қазақстандық делегация құрамында 300 қатысушы барады, деп хабарлады ҚР Спорт істері және денешынықтыру агенттігі төрағасының орынбасары Елсияр Қанағатов Primeminister.kz сайтына берген эксклюзивтік сұхбатында. «Ресми делегация 260-300 адамнан тұрады. Бірінші топта Ойындар өтетін жерге 150-ге адам, содан кейін — қалғандары барады», — деді Е.Қанағатов. Ол спортшыларға Олимпиадада табысты өнер көрсетуге көмектесе алатын адамдар делегацияға енгізілген, деп атап көрсетті. «Делегацияның әрбір қатысушысының өзіндік орны бар, негізді және құрамаға пайдасын тигізеді. Бізде жеңіп алған лицензиямыздың 50-пайызын психологтар, дәрігерлер, жаттықтырушылар және басқа да қажетті қызмет көрсететін адамдар алды. Олардың бірқатарs квотадан тыс қалды, сондықтан да біз оларды қаз…

0
0
312