Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыруға дайын

- Бүгін біз Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасы халқына кезекті Жолдауын өз аузынан естіп, зор әсер алдық. Дәулетті мемлекет болғанымыз қарапайым тілмен жеткізілді. Мұны біз ұзақ жылдардан бері Ел Президенті - Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысының 1991 жылдан бастап Қарулы Күштеріміздің, армиямыздың дамуына жасап отырған қамқорлығын сезініп, оны өз көзімізбен көріп келеміз.

Жолдауда мемлекет басшысы ғылым мен білімге, қазақстандық патриотизмге баса назар аударды. Бұл әрине бізге болашақ ұрпақ тәрбиелеп отырған, әсіресе болашақ Отан Қорғаушы әзірлейтін әскер басшыларына қатысы бар. Расында Қазақстан дәулетті де сәулетті мемлекетке айналды, Жоғарғы Бас Қолбасшының белгілеген бағыт-бағдары бойынша қойылған тапсырмалар  толығымен орындалды.
Және де Жоғарғы Бас Қолбасшының 2050 жылға қойған тапсырмалары мақсатқа сай. Ол үшін әркім өз орнында жұмыс істеп еңбек етуі тиіс, өзінің бар білімі мен тәжірибесін мемлекеттің  өркендеуіне арнауы қажет.
Ғылымға байланысты Жоғарғы Бас Қолбасшы – ғылымсыз алға басудың мүлдем мүмкін еместігін шегелеп айтты. Біз курсанттардың болашақ офицерлердің санасына отансүйгіштік сезімін сіңіріп келеміз. Сондықтан курсанттар, болашақ офицерлер Отанды сүюге, Отанды қорғау үшін біздің еліміздің және Жоғарғы Бас Қолбасшымыздың бұйрығын орындауға әрқашан  дайын екендігін айтқым келеді.
0
0
263

Осы тақырып бойынша

Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыруға дайын - Yvision.kz