10 жылдан соң қуат көзін тұтынушылар саны 30%-ға артады деген болжам бар
20 жылдан соң жер бетіндегі табиғи ресурстар сарқыла бастайды.
Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Әбу-Дабиде өткен Бүкіләлемдік энергетикалық саммитте сарапшылар осылай деп дабыл қақты. Мамандардың пайымдауынша, қуат көзін өндірудің балама жолына қазірден бастап көшу керек. Өйткені жер шарына тарап жатқан электр қуатының 80%-ы осы табиғи ресурстардан алынады. Екі күнге созылған саммит өз жұмысын аяқтады. Бүгін – соның аясында өтіп жатқан көрменің соңғы күні. Көрмеде осы тақырыпқа тікелей қатысы бар «Астана-ЕХРО» павильоны да тұр.