Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Допты хоккей: Қазақстан құрамасы жартылай финалға шықты

Допты хоккей: Қазақстан құрамасы жартылай финалға шықты
Иркутск қаласында допты хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы ширек финалда АҚШ құрамасын бет қаратпай жеңді.

Бірінші таймда Алексей Никишовтың шәкірттері жауапсыз бес доп салса, ойынның екінші кезеңі 6:3 болып аяқталды. Жалпы есеп — 11:3.

Қазақстан құрамасы 1 ақпан күні жартылай финалда Швеция — Белоруссия жұбының жеңімпазымен кездеседі. Әрине, бұл жерде әлемнің әлденеше рет чемпионы — шведтердің бәсі басым. Қазақстандықтардың қарсыласы да сол болары анық.

ОРАЛ. ҚазАқпарат -Автор: Елжан Ералы
 
0
0
450

Осы тақырып бойынша

Допты хоккей: Қазақстан құрамасы жартылай финалға шықты - Yvision.kz