Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Astana Arlans» мексикалықтармен жекпе-жекке шығатын саңлақтарын жариялады

«Astana Arlans»
Қазақстандық «Astana Arlans» келесі кездесуін «Mexico Guerreros» командасымен өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Осыған орай астаналық клуб аталмыш кездесуге өз боксшыларын сайлап қойды. 52 келі салмақ дәрежесінде жерлесіміз Мирас Жақыпов мексикалық боксшы Элиас Эмигдиомен шаршы алаңға шығады. «Арландар» капитаны Самат Башенов 60 келі салмақта Линдолфо Дельгадо Гарзаға қарсы жұдырықтасса, 69 келіде Манат Әмірзақов Марвин Кабрерамен күш сынасады. Ауыр салмақтарда Astana Arlans намысын екі хорватиялық алып қорғамақ. 81 келіде Хрвое Сеп мексикалық клубтың легионері Петр Чебанумен жекпе-жекке шығады. Ал аса ауыр салмақта Филипп Хргович қарсыласы Херардо Мигель Бисбальмен жұдырықтаспақ.

Матч 7 ақпанда Мексикада өтеді.

Оған дейін «Астана Арландары» өз жерінде 1 ақпан күні Russian Boxing Team командасымен қолғап түйістірмек.

АСТАНА. ҚазАқпарат - Автор: Жасұлан Жолдыбаев
 
0
0
254

Осы тақырып бойынша

«Astana Arlans» мексикалықтармен жекпе-жекке шығатын саңлақтарын жариялады - Yvision.kz