Қазақстан құрамасы бендиден Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
Ресейдің Иркутск қаласында өткен бендиден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы қола жүлдеге ие болды. Бұл туралы alaman.kz хабарлады.
Сайттың мәліметінше, біздің құрама үшінші орын үшін өткен кездесуде Финляндияны ұтты — есеп 5:3.
Қазақстан жартылай финалда Швецияға жол берген, есеп — 3:4. Ресей мен Швеция алтынға таласқан додада ресейліктер жеңіс тұғырынан көрінді. Әлемдік деңгейдегі бәсекенің қола жүлдесін Қазақстан осымен бесінші рет иеленіп отыр.
АСТАНА. ҚазАқпарат - Автор: Әбу-Асқар Мекешұлы

