Жаңа
«Біз біргеміз» (30.01.2014)
2020 жылдан кейін пайда табамыз
Бүгінгі таңда көлік мінетіндер саны күрт өсіп келеді. Ал ірi қалаларда да жекеменшiк көлiктiң үлесi айтарлықтай артқан. Қалаларда тіркелген көліктердің 70 пайыздан астамы жекеменшікке тиесілі.
Бір бүйрегі жоқ Каньяс «Астанада»
«Бір бүйрегі жоқ» деген желеумен Украинаның «Металлургі» бас тартқан Рохер Каньяс «Астана» клубымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz »Алаш айнасы» газетіне сілтеме беріп. Желтоқсан айында Донецкінің аталмыш клубы Қарағандының «Шахтерінің» бұрынғы футболшысымен келісімшартқа отырған болатын. Каньяс тіпті «Металлург» сапында жолдастық кездесулерге қатысып, бір рет гол да соққан еді. Алайда, жақында медициналық тексерістен өткен кезде денсаулығынан ақау табылады. Клубтың дәрігері Дмитрий Лисицынның айтуынша, Каньястың бір бүйрегі жоқ көрінеді… Осыдан соң, команда басшылары колумбиялық жартылай қорғаушыдан бас тартты. «Алмас қылыш қап түбінде жатпайды» дегендей кеншілер клубы сапында алмас қылыштай жарқылдаған Каньяс жұмыссыз бір күнде отырған жоқ. Оны «Астана» клубы бірден…
КСРО сапындағы жеті жүлдеміз
Қазақстан спортшылары КСРО құрамасы сапында қысқы Олимпиада ойындарының жетеуіне қатысып, жеті (1 алтын, 3 күміс, 3 қола) медаль еншілеген дейді,Tengrinews.kz «Алаш айнасы» газетіне сілтеме жасап. 7-23 ақпан аралығында Сочиде өтетін ХХІІ қысқы Олимпиада ойындары қарсаңында ел спортының шежіресіне көз жүгіртуімізді одан әрі сабақтамақпыз. Бүгін КСРО құрамында төрт жылда бір өтетін дүбірлі додаға қатысып, жүлдеге қол жеткізген Қазақстан спортшыларына қысқаша тоқталып өтпекпіз. Қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстаннан алғаш рет қашан қатысқан Александра Артеменко екенін жазғанбыз.Ол 1956 жылы Италияның Кортина Д’Ампеццо қаласында өткен VІІ қысқы Олимпиадада тау шаңғысы спортынан сынға түсті. Келесі 1960 жылы Скво-Велльде (АҚШ) жалауы желбіреген VІІІқысқы олимпиадаға Қазақстанан тағы да бір сп…
Жастарымыз Достастық кубогында – бесінші
Ресейдің Санкт-Петербург қаласында ХХІІ «Достастық кубогы» додасы аяқталып, Қазақстан жастар құрамасы бесінші орынға ие болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz«Алаш айнасы» газетіне сілтеме жасап. Бесінші орын үшін өткен соңғы ойында Қазақстан жастары Санкт-Петербуг құрамасын 3:0 есебімен ойсырата ұтты. Екі голды «Ордабасы» клубының жас шабуылшысы Максим Фильчаков, ал біреуін «Шахтердің» шабуылшысы Роман Мұртазаев соқты. Осы ретте айта кетейік, бұл Мұртазаевтың «Достастық кубогындағы» бесінші голы болатын. Қазақстан сұрмергені Ресей шабуылшысы Руслан Боловпен бірге мергендер тізімінде көш бастады. Бірақ Ресей футболшысы бес голдың екеуін пенальтиден соққан. Ендеше, нағыз мерген Мұртазаев деуге болады. Финалда Украина жастары екі жыл қатарынан осы кубоктың жеңімпазы атанған Ресей футболшыларын…
Солтүстікте Сочи қатысушыларын қолдау шарасы өтті
Солтүстікқазақстандықтар Сочи Олимпиадасына қатысатын спортшыларымызды қолдау шарасын ұйымдастырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қақаған аязға қарамастан Қарасай стадионына жиналған адамның қарасы көп болды. Спорт сүйер қауымға сөз арнаған облыс әкімі Самат Ескендіров Сочи Олимпиадасына аттанған қызылжарлық конькишілер Дмитрий Бабенко мен Роман Креч және Паралипиадалық ойындарға қатысушы шаңғышылар Қайрат Қанафин мен Елена Мазуренколардан жеңіс күтетінін жеткізді. Спорт ардагері Виктор Бондоренко мен конькиші Татяна Сокирко да қазақстандықтарға Сочиден құр қол қайтпауға тілектестік білдірді. Олимпиадашыларды қолдау шарасы шаңғышылар мен конкишілердің стадионға Олимпиада алауын алып кіруімен басталып, соңы әуесқой шаңғышылар арасындағы шаңғы жарысы мен хоккейшілер арасындағы жолда…
«Астана» үмітін әлі үзген жоқ
Халықаралық «ВТБ бірегей лигасында» өнер көрсететін «Астана» баскетбол клубы соңғы үш ойында да жеңіске жетіп, жағдайын біршама түзеп алды, деп хабарлайдыTengrinews.kz »Алаш айнасы» газетіне сілтеме жасап. Биылғы маусым басталғалы кежегесі кейін тартып, жеңілісі жиілеп кеткен «Астана» желтоқсанның басында бас бапкерін ауыстырған. Қазақстан клубы «ВТБ бірегей лигасының» плей-офф додасына ілігуден үмітін түпкілікті үзе бастағанда, шыдамы таусылған клуб басшылығы «Астананы» екі жыл жаттықтырған Италия маманы Маттео Бонничиоллиді қызметінен босатқан болатын. Іле-шала оның орнына серб маманы Александар Трифунович тағайындалған еді. Әрине, «Астана» бірден түлеп шыға елген жоқ. Әйткенмен, әрбір кездесу сайын ойын өрнегі үйлесіп, көп күттірген жеңістерге де қол жеткізе бастады. «Астана» бас бапке…
Серік Ахметов тілдерді дамыту мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың тиімділігін арттыру бойынша нақты ұсыныстар беруді тапсырды
Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі Комиссия отырысын өткізді. Отырысқа «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Б.Байбек, орталық атқарушы органдардың басшылары, Парламент депутаттары, лингвист-ғалымдар қатысты. Комиссия мүшелері мемлекеттік тіл саясатын іске асырудың тиімділігіне талдау жүргізу мәселесін талқылап, сондай-ақ мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту, қазақстандықтардың тіл мәдениеті деңгейін көтеру, лингвистік капиталды дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау бойынша шараларды қарады. Отырыста Б.Байбек, Мәдениет және ақпарат министрі М.Құл-Мұхаммед, Білім және ғылым министрі А.Сәрінжіпов сөйледі. Өз сөзінде Б.Байбек мемлекеттік тілді дамыту үшін барлық жағдайлар жасалғанын атап өтті. «Тіл саясаты мәселелері қо…
Қаржы полициясы Қазақстан азаматтарының шетелдегі террористік қызметті қаржыландыру фактілерін анықтады
2013 жылы қаржы полициясы органдары радикалды діни ағымдардың өкілдеріне және олармен сыбайлас тұлғаларға қатысты экономикалық және қаржылық қылмыстарды жасау фактілері бойынша 81 қылмыстық іс қозғады, олардың 50-і қарау үшін сотқа жолданды. Оған қоса, аталған кезеңде терроризм мен экстремизмді қаржыландыру фактілері бойынша 4 қылмыстық іс қозғалды. Бұл жұмыс ағымдағы жылы жандана түсті. Мәселен, 2014 жылғы 16 қаңтарда Қарағанды облысы бойынша Қаржы полициясы департаменті 2012-2013 жылдары жалпы мөлшері 600 мыңнан астам теңгені шетелге аудару арқылы террористік қызметті қаржыландырған 3 азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғады. 31 қаңтарда Атырау облысы бойынша Қаржы полициясы департаменті Ж. Деген азаматқа қатысты терроризмді қаржыландыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Оған банктік а…