Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Таулы-атқыштар бригадасы командалық штабтық оқу-жаттығуды бастады

Таулы-атқыштар бригадасында марш жасаумен командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды. Командалық-штабтық оқу-жаттығудың басты мақсаты командирлердің шешім қабылдау және бөлімшелерді басқару бойынша кәсіби дағдыларын жетілдіру болып табылады. Оқу-жаттығу барысында командирлердің өзара іс-қимыл жасау тетігі пысықталып, жетілдіріледі.

Оқу-жаттығуды өткізудің нәтижесі бойынша жоғары тұрған штаб  бригада басқармасы мен штабтардың жұмысына баға беріп, бөлім қолбасшылығының даярлық деңгейін айқындайтын болады.

Командалық-штабтық оқу-жаттығу алғашқы кезеңінің қорытындыларының өзі таулы атқыштар бригадасы қолбасшылығы мен әскери қызметшілерінің кәсіби жоғары деңгейін көрсетті. Жауынгерлік дабыл белгісі бойынша бригаданың бүкіл жеке құрамы жиын орнына уақтылы жетіп, хабардар ету мен орындаудың нақты пысықталған жүйесін көрсетті. Сондай-ақ жауынгерлік машиналар паркінен шыққан әскери тезника ұйымдасқан түрде рота лектерін қалыптастыру ауданына бет қойды.

Таулы-атқыштар бригадасы Қазақстан Қарулы Күштері сапындағы ерекше бөлім. Ол «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы жауынгерлік сайыс көшбасшысы болып табылады. Дәл осы бригадада басқа үш әскери бөлімнің қатарында жаңа оқу бағдарламасын тәжірибе жүзінде сынақтан өткізуге лайық деп танылды.

- Оқу Қарулы Күштердің басқа әскери бөлімдеріндегі сияқты екі кезеңге бөлінбеген. Ол жаңа оқу әдістемесінен құралған бір жылдық циклден тұрады, - деп «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Талғат Қойбақов түсіндірді.

Қазіргі уақытта бригаданың жеке құрамы 100 пайыз келісімшарт бойынша әскери қызметшілермен жасақталған. Бригаданың оқу-материалдық базасы сабақтар өткізуге арналған тренажер сыныптарынан, атыс тренажерынан, дамыған инфрақұрылымы бар полигоннан тұрады. Полигонның үлкен аумағы мен жақсы жарақталуы жауынгерлік атыстармен роталық тактикалық оқу-жаттығулар өткізуге мүмкіндік береді.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
799

Осы тақырып бойынша