Мазмұнға өту

Жаңа

Сочи Олимпиадасы туралы жазуға 47 журналист тартылды

ortcom.kz, 05.02.2014 7 ақпан күні Астана уақыты бойынша сағат 22:00-де «Хабар» және «KazSport» телеарналарында Сочидегі XXII қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты көрсетіледі. Бұл туралы ОКҚ брифингінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің төрағасы Болат Қалиянбеков мәлімдеді. Б.Қалиянбековтың айтуынша, 7-23 ақпан аралығында аталған телеарналарда Олимпиада ойындарынан 200-ге тарта таратылымы мен хабар жазбасы көрсетілетін болады. Хабарлардың жалпы хронометражы 240 сағаттан аспақ. Жарыс кестелеріне байланысты трансляциялар тәулік бойы жүргізіледі. Олимпиада ойындары туралы барынша толық жазу үшін Ресейге журналистерді аккредитациялау мәселесі шешілді. «ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігімен бірлесіп, қазақстандық журналистердің Сочидегі жұм…

0
0
519

Өмір деген

өмір деген

Ақпан5

Өмір деген жұмбақ екен байқасам,
Әділетсіз сан кезеңмен айқасам.
Мөлдір су боп ағып түсед бір тамшы,
Сезім толған сыр-сандықты шайқасаң.

Өмір деген терең екен бойласам,
Тереңдікті кезіп талай ой асам.
Тұңғиықта қара түнек, қара түн,
Бойыңдағы жамандықты жоймасаң.

Өмір деген биік екен ойласам,
Ал тыңдасаң – сырға толы тоймас ән.
Адам болмай кеткен артық өмірде,
Биіктерді мақсат етіп қоймасам.

22.12.2010. 00:31 Астана

0
0
832

Ақын қыздар

Кім түсінген сезімін, тілектерін,
Мақтан етер қуана жыр еткенін.
Ақын қыздың жанына жара салдың,
Жұбатып, жүрегіне гүл екпедің.

Түсінбедің, ойладың бақытты деп,
Төге бердің аямай жақұтты көп.
Көрмедің бе, көзіне мұң тұнғанын,
Жұбатады тек оны уақыт-тірек.

Қаһарланбай, қабақты қатулатып,
Жанына үңілсеңші жақын барып.
Сонда ғана, жігітім, түсінесің,
Гүл сияқты екенін ақын халық.

Еседі самалдайын жырдың лебі
Әлденеден жасқанып тұрды ілгері.
Аялап, баптамаса ақын жанын,
Солады да қалады бір күндері.

2010 жыл

0
0
1882

Бақыт

Бақытты бол!
Бақыт – тірек!
Бақыт – жүрек алауы.
Бақыт – тілек,
Бақыт – көңіл қалауы.
Бақыт – сыйлық,
Бақыт – Құдай рахымы.
Бақыт – шаттық,
Қуаныштың жақыны.

Бақытты бол!
Байлық қума,
Айлық қума сабылып..
Бақыт емес
Байларға тек тән қылық.
Байлық деп біл жүрегіңнің егізі,
Сүйген жаның жатса егер табылып.

0
0
642

Ақын жаны

Ақын жанын тұман болып бүркер мұң,

"Байлығым" деп сонда да мен жыр тердім.

Көңіл жасы тамшыласа біреуде

Өлеңменен көздің суын сүртермін.

 

Ақын жаны жаралғандай бұлақтан,

Таза көңіл, ақ пейілмен жыр аққан.

Нәзік жіппен өрнектелген өлеңді,

Жан табылмас тұғырынан құлатқан.

 

Ақын жаны... ақын жаны бөлек тым,

Сезіледі ақ көңілден өр екпін.

Жыр мен жаны егіз болып жаралған

"Ақындарды түсінбейміз" демек кім?

0
1
1176

Бақыт деген

Бақыт деген - балалығым,
Сөз бен ойда шалалығым.
Бақыт деген пәк күлкі мен
Ойындардан табар мұңым.
Бақыт деген сезім екен,
Ғашық болған кезім екен.
Оған жетер бір ғана жол
Тастан берік төзім екен.
Бақыт деген - өмір-өлең,
Мен туғанда-ақ төгіліп ең.
Маған бұрын бір-ақ күндік
Көбелектей көрініп ең.
Бақытымның білем құнын,
Бақыт деген - жырым, мұңым,
Қайғы болар бәлкім маған
Айырбастау бірін мұның.
(Ескіііі блокнотымды қарап отырып тауып алған өлеңім. Қазір жазбағаныма өөте көп болды. ал мына өлең қашан жазылғаны тіптен есімде жоқ.)
0
0
534

Иртәнге уйлар

Алтын колач җәеп кояш калка,
Җылы нурлар җиргә тарала;
Кояш матурлыгын кочар булып
Мин тез чүгеп карыйм аңарга…

Гадел Кутуй

0
0
966

25750 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға дайын

Алматы гарнизонында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша жұмыстар жалғасуда. Алматы гарнизонында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша жұмыстар жалғасуда. Бүгін Қорғаныс министрлігінің ақпараттық-насихаттау тобы 25750 әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен ҚР ҚК Жоғарғы Бас қолбасшысының тапсырмаларын орындауды талқылады. Әскери бөлімнің басшы құрамымен кездескен топ жетекшісі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары полковник Мұхамеджан Таласов жастарды жаңа қазақстандық патриотизмге, отансүйгіштікке тәрбиелеу мәселелері бойынша әңгіме өрбітті. Осы ма…

0
0
542