Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сочи-2014: Қазақстандық сноубордшы Валерия Цой 1/8 финалға өте алмады

АСТАНА. ҚазАқпарат — Бүгін Сочидегі Олимпиадада қазақстандық спортшылар үш сайыс бойынша ойындарға қатысты.

Бүгінгі жарысқа алғашқы болып  сноубордшы қызымыз Валерия Цой шықты. Өкінішке орай, ол параллельді алып слалом бағдарламасы бойынша 1/8 финалға өте алмады. Бұл спортшымыз біліктілік кезеңінде небәрі 32-ші орынға табан тіреді, деп хабарлайды sports.kz.

Ал шаңғышыларымыз  Елена Коломина мен Татьяна Осипова 30 шақырымдық жарысқа қатысып, сайыс нәтижесінде Коломина 48-ші, ал Осипова 51-ші орынды иеленді.

Ерлер арасындағы биатлоннан жарыста Антон Пантов, Сергей Наумик, Александр Трифонов пен Диас Кенешевтен құралған қазақстандық команда 7,5 шақырымнан 4 эстафетаға жүгірді. Алайда, олар да негізгі топтан қалып қойып, оң нәтижеге қол жеткізе алмады. Ойын қортындысы бойынша бұл құрама 10 рет мүлт кетіп, LPD алды.

Жалпы медальдық есепте:
1. Ресей - 29 (11, 10,8);
2. Норвегия - 25 (11, 5, 9);
3. Канада - 24 (9, 10, 5);
26. Қазақстан - 1 (0,0,1).

Басты сөздер: СпортОлимпиада
 
0
0
281

Осы тақырып бойынша

Сочи-2014: Қазақстандық сноубордшы Валерия Цой 1/8 финалға өте алмады - Yvision.kz