Жұмбақ қыз....
Мен оны алғаш көргенімде оның бет-бейнесінен білімді ұяң екенің байқағанмын. Ол ойым қате болмапты. Одан білмеген пәндерінен көмек сұрасан, қол ұшын беруге әзір, ал кейде менің бүгін қарағым келіп тұрған жоқ деп бірден шорт кеседі. Ауызша болсын, жазбаша болсын бәріне білімді. Бірақ неге екенің білмеймін әйтеуір білген, түйген өз ойын ашып айтпайды. Тіпті кейбір сабаққа дайындалып келсе де, қол көтеріп мен мұңдалағанын көрмеппіз. Біреу түртіп немесе апайлар сұрамаса әйтпесе аузына су толтырып алғандай үндемей отыра береді. Кейде ойлайсын қоғам ортасына шыққанда ғана тұйық бекен, бәлкім үйіне барғасын ашылатын шығар. Қыздардың көбісі киім мен бояуға қызықғыш болып келеді, ал оның бойынан ондай жайды байқамадым. Достарымен болсын араласатын құрбыларымен шүйіркелесіп бір жерлерге шықты мекен... Жұмбақ адам арқашанда қызыққой, бір қыры білініп, бір қыры білінбегесін арт жағында не барын білгін келіп тұрады. Бірақ менің оймша, ол тым тұйық сияқты, ондай болып үндемей еш нәрсеге қызықпай жүре берсен өмір қызықсыз болатын сияқты. Сондықтан оның болашақта күлімсіреп, барлығы мен тіл табысып, жүргенің көргім келет. Тіпті аузы-аузына жұқпай сөйлеп кетсе аспандағы айды жерге түсірері аңық.
