Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Оралда 350-ден астам қару-жарақ жойылды.

Оралда 350-ден астам қару-жарақ жойылды. «BNews.kz», 13.03.2014ж.
Орал полицейлері 350-ден астам қару-жарақты жойды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. Акция «КазАрмаӨнеркәсіп» АҚ-та өтті. Қару-жарақ бұрынғысынша арматура зауытының балқыту пештеріне салынады. Онда полицейлер полиэтилен мөшектерге салып аңшылық қарулар, шолақ мылтықтар және газ тапаншалар әкеледі.   

Пешке 328 тегіс оқпанды мылтық, 7 шолақ мылтық, 17 газ тапанша мен револьвер және 2 электрошокер салынды.

2013 жылы ерікті түрде қару тапсырған облыс азаматтарына 12 млн теңге бөлінді. Халықтан қару-жарақты сатып алу акциясы биыл да жалғасын табады. Бұл мақсатқа 13 млн теңге қарастырылған.

0
0
221

Осы тақырып бойынша

Оралда 350-ден астам қару-жарақ жойылды. - Yvision.kz