ШҰҒЫЛ: «Барыс» клубы ҚХЛ чемпионатының ширек финалына өтті
АСТАНА. ҚазАқпарат — Астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф сынының екiншi раундына шықты.
Екатеринбург қаласында «Барыс» пен «Автомобилист» арасында өткен төртiншi матч 2:1 есебiмен қазақстандық клубтың пайдасына шешiлдi.
Осылайша қатарынан төрт рет қарсыласын тiзе бүктiрген Ари-Пекка Селин шәкiрттерi ҚХЛ плей-офф сынының екiншi раундына өз тарихында алғаш рет өтiп отыр.
Гагарин Кубогiнiң екiншi раундында «Барыс» хоккейшiлерi «Ақ Барс» пен «Сiбiр» арасындағы тайталастың жеңiмпазымен кездеседi. Екеуара бәсекеде есеп — 2:2.
Автор: Жасұлан Жолдыбаев 

Басты сөздер: Спорт

