Мереке күндері еліміздің көлік сақшылары күшейтілген тәртіпте жұмыс жасайды.
Мереке күндері еліміздің көлік сақшылары күшейтілген тәртіпте жұмыс жасайды. «BNews.kz», 19.03.2014ж.
Мереке күндері еліміздің көлік сақшылары күшейтілген тәртіпте жұмыс жасайды, деп хабарлайды BNews.kz Көліктегі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. «ҚР ІІМ Көліктегі ішкі істер департаментінің жеке құрамы Наурыз мейрамын мерекелеу кезеңінде қоғамдық тәртіпті, қылмыстар мен өзге де құқыққа қайшы іс-әрекеттерді уақытылы ескертуді және жолын кесуді қамтамасыз ету мақсатында 2014 жылдың 21-25 наурызы күндері аралығында қызмет көрсетудің күшейтілген тәртібіне көшіріледі», - делінген ақпаратта.
Департамент бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Сапар Шерьяздановтың айтуынша, қоғамдық және мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізу орындарында құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу бойынша қосымша шаралар қабылданбақ.
