Мазмұнға өту

Жаңа

Голландиялық қазақ Мұрат Өнал шымкенттік команданың ойыншысы атанбақ

Бірінші лигада өнер көрсететін Шымкенттің «Қыран» командасына голландиялық қазақ футболшы Мұрат Өнал қосылатын болды.

Наурыз айының басында Түркияның Алания қаласында өткен оқу-жаттығу жиынында бапкерлердің көңілінен шыққан Мұрат жаңа маусымды «Қыранда» бастайды. «Аякс» мектебінің түлегі, бұрын Бельгия, Голландия, Финляндия командаларының формасын киген қандасымыз алғаш рет атамекеніне аяқ баспақ.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметінен хабарлайды.

Айта кетейік, бірінші лига ойындары 6 сәуірде басталады. «Қыран» командасы бірінші турда «Астана-64» командасын қабылдайды.

Мұрат Өнал 1987 жылы 20 шілдеде Түркияның Салихли қаласында дүниеге келген. Қазіргі тұрғылықты жері — Амстердам (Голландия). Бойы — 179 см, салмағы — 76 кг. Ойнаған командалары: 2006-2007 жж. — Брюгге (Бельгия) 2007-2008 жж. — Ден Хааг (Голландия) 2008-2012 жж. — Волендам (Голландия) және 2012-2013 жж. — Каяни (Финляндия). Ойыншының позициясы: жартылай қорғаушы, шабуылдаушы.

Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
 
0
0
383

Астаналық «Барыс» Гагарин кубогы үшін жарысты аяқтады

Астананың «Барыс» командасы ҚХЛ плей-офф кезеңінің екінші айналымының алтыншы матчында «Салават Юлаев» командасына есе жіберіп алып, Гагарин кубогы үшін жарысты аяқтады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Кездесу Уфа қаласында өтіп, 3:2 есебімен жергілікті команданың жеңісімен аяқталды. Ойындағы алғашқы есепті алаң иелері ашты. Атап айтқанда, Иван Вишневский 4-ші минута ашса, 13-ші минутта барыстық Евгений Блохин есепті теңестірді.

Матчтың екінші кезеңінде бірде-бір шайба соғылмады. Ал үшінші айналымда қақпаға үш бірдей гол соғылды. Ойынның 43-ші минутында Игорь Мирнов ерекше көзге түсті. Ал 52-ші минутта Антон Слепышев есепті 3:1 көрсеткішіне жеткізді. Матчтың аяқталуына 3 минут уақыт қалғанда Найджел Доус қарсыластарға бір шайба салғанымен, алаң иелері соққыны одан әрі еселеуге мүмкіндік бермеді.

Осылайша, кездесу 3:2 есебімен «Салават Юлаевтың» жеңісімен ақталды. Шығыс конференциясының ақтық сынында уфалық команда магнитогорлық «Металлургпен» кездеседі.

 
Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
 
0
0
284

«Астана арландары» неміс боксшыларынан басым түсті

«Астана арландары»  неміс боксшыларынан 3:2 есебімен басым түсті, деп жазады kazsporttv.kz.

Дүниежүзілік бокс сериясының ширек финалындағы «Team Germany» мен «Астана арландары» кездесуінің соңғы жекпе-жегінде 91 келі салмақтағы боксшылары шаршы алаңға шықты. Бұл жекпе-жекте Василий Левитке германиялық Артур Манн қарсылас атанды. Манн топтық кезеңде екі рет жекпе-жек өткізіп, біреуінде ғана жеңіске жеткен.

Ал әлемдік рейтингте екінші орында тұрған Василий Левит топтық бәсекеде өткізген төрт жекпе-жектің барлығын жеңіспен аяқтаған. Бұл жолы да қазақстандық боксшы жекпе-жекті өз пайдасына шешілді. Василий Левит кезекті жеңісіне қол жеткізіп қоймай, ширек финалдың алғашқы кездесуінде «Астана арландарына» жеңіс әкелді. Қорытынды есеп: «Астана арландары» мен «Team Germany» -  3:2.

Бұған дейін Мейірболат Тойытов пен Асхат Уәлиханов қарсыластарына есе жібергенімен, Теміртас Жүсіпов пен Сергей Деревянченко өз жекпе-жектерін жеңіспен аяқтады.

«Team Germany» мен «Астана арландары» арасындағы қарымта кездесу 5 сәуірде Алматыда өтеді. Бұл кездесуде шаршы алаңда «Астана арландары» сапынан Мирас Жақыпов (52 келі), Самат Бәшенов (60 келі), Мейірім Нұрсұлтанов (69 келі), Данабек Сужанов (81 келі) және Руслан Мырсатаев (+91 келі) жұдырықтасады. Сонымен қатар, қосымша жекпе-жекке қажет болған жағдайда Ілияс Сүлейменов шығады.

Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
 
0
0
423

«Барыс»-«Салават Юлаев» арасындағы серия ҚХЛ -дың ең қызықты тартысы деп танылды

Ресейдің Чемпионат.com порталы жүргізген сауалнамасы бойынша Гагарин кубогындағы астаналық «Барыс» пен уфалық «Салават Юлаев» арасындағы ширек финалдық серия бүкіл Құрлықаралық хоккей лигасындағы ең қызықты тартыс болып танылды. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.

Шығыс конференциясының финалына осы екі командадан 4-2 есебімен жеңіске жеткен «Салават Юлаев» шықты. Ал «Барыс» өз тарихында тұңғыш рет Гагарин кубогының екінші айналымына өтті.

Айта кетейік, Шығыс конференциясының финалында «Салават Юлаев» енді магнитогорскілік «Металлургпен» ойнайды. Ал Гагарин кубогының басқа жартылай финалында прагалық «Лев» пен ярославтық «Локомотив» күш сынасады.

 
Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
 
0
0
343

50 жылдық үзілістен кейін «Айсұлу» операсы көрермендермен қайта қауышты

ҚазАқпарат, 29.03.2014

«Бүгінгі «Айсұлу», қазіргі заманғы қыздардың жиынтық бейнесі, сонымен қатар, өмірде махаббат пен арман, мақсат тоғысқан жерде дұрыс шешім қабылдаудың жарқын үлгісі». Бүгін Алматыда Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында өткен «Айсұлу» операсынан алған әсерін, осы туындыны жазған композитор Сыдық Мұхамеджановтың қызы Ләйла Мұхамеджанова осылай жеткізді.

Оның айтуынша, бұл операның тәрбиелік мәні өте зор. Бүгінгі бойжеткендер де сахнадағы Айсұлу секілді алдарына нақты мақсат қоя біледі. Соған жетуге барынша күш салады. Мінезді, қайсар келеді. Бірақ қалай болғанда да, Айсұлу секілді махаббатқа адал болулары тиіс.

«Опера түсінуге өте жеңіл, XXI ғасырдың жастарына өте лайықты бейімделген. Бұл комедиялық опера енді сахнадан түспей, ұзақ уақыт көрермендердің көзайымына айналары сөзсіз», - деді опера және балет театрының халықаралық байланыс бөлімінің менеджері Әсел Мұсинова.

«Премьера өте жоғары дәрежеде өтті. Майра Мұхамедқызы өз образын тамаша сомдап шықты. Бұл көптен бері қойылмай жүрген дүние еді. Мұны халыққа өте жақын спектакль деп санаймын. Бұл қойылымды әр айда бір рет болса да қойып тұрса, нұр үстіне нұр болар еді. Өйткені оның музыкасы, тақырыбы бүгінгі күнмен астасып жатыр», - деді Т. Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры Пернебек Момынұлы.

Көрермендердің қайсысы болмасын, «Айсұлу» операсына Сыдық Мұхамеджановтың жазған әндерінің, романстарының енгізілгендігін өте жоғары бағалады. Бұл жөнінде осы операның қоюшы режиссері, ҚР еңбегі сіңген әртісі Мұрат Шалабев: «Біз Сыдық ағаның әндерін, романстарын естіп өстік қой. Енді осы операны қазіргі заманға бейімдеп шығарған соң,  оған ағамыздың сол белгілі әндерін, романстарын енгізсек қалай болар екен деп, театр ұжымымен ақылдастық. Содан бірауыздан енгізуді ұйғардық», - деді.

Ал басты рөлді сомдап, көрермендердің көзайымына айналған атақты опера әншісі Майра Мұхамедқызы бүгінгі «Айсұлудың» бейнесін көрсете білудегі көздеген мақсатын ортаға салды:

«Мен қазақ қыздарының нәзіктігін, әдемі еркелігін, сонымен қатар тазалықты, махаббатты, адалдықты қорғай білетіндіктерін шынайы көрсеткім келді. Енді біз мұсылман халықпыз ғой, салт-дәстүрге баймыз. Сондықтан осы образда мен қазіргі қазақ қыздарына: «алға қойылған мақсатқа қалайда жете білумен қатар, тазалықты, шынайы махаббаты қорғай білсе екен, дәстүрден аттап кетпесе екен» дегім келді».

«Айсұлу» комедиялық операсы екі актіден тұрады. Кезінде пьеса ретінде «Беу, қыздар-ай» деген атпен белгілі болған. 1964 жылы композитор Сыдық Мұхамеджанов оған опера жазды. Оқиға желісі 1950 жылдардағы тың игеру науқанын қамтыды. Бірақ қазіргі таңда тың көтеру мәселесі өз маңыздылығын жойған соң, қазіргі көрермендерді тарту, қызықтыру мақсатында, қоюшы режиссер кейіпкерлер қатарын сақтай отырып, оқиға желісін бүгінгі күнмен ұштастарған. Оқиға Алматы қаласында, сұлулық байқауының айналасында өрбиді. Сол байқауға қатысу - басты кейіпкер Айсұлудың арманы. Бірақ сүйген жігіті Серке бұған үзілді-кесілді қарсы. Айсұлу болса алған бетінен қайтпайды. Сол себепті екі ғашықтың арасында реніш пайда болады. Көп ұзамай Айсұлу байқаудың жеңімпазы атанады. Сәйкесінше, оған көз салушы жігіттер көбейді. Серке осы жерде өзінің қателігін түсініп, Айсұлудың арманын, шешімін лайықты бағалап, онымен қайта табысуды армандайды. Адал достары Серке мен Айсұлуды қайта қосу үшін, жан түршігерлік әдіс ойлап табады. Яғни, «Серке, махаббаттан құса болып көз жұмды» - деп, Айсұлуға қаралы хабар жеткізеді. Айсұлу етегі жасқа толып, Серкені жоқтайды. Өзін кінәлайды. Ботадай боздап келіп, Серкенің кеудесіне гүл шоғын қояды. Бірақ Серкенің гүлге аллегриясы бар. Шыдай алмай түшкіре бастайды. Айсұлу өзінің алданғанын түсінеді. Бірақ Серкемен қайта қосылғанына бақытты!

 
0
0
1018

Kaznet Digest немесе қазіргі жастарға ұсынар i-тағам

Демалыс күндердің бір кешкісінде отырып, күнделікті интернет шолуымның кезі былай өтеді. Әдетте әлем және ел жаңалықтарымен танысып, кейін өзіме қызық және дамытатын әсерлі блогтарды оқып пікір алмасамын, кейде жеке басым жазып та қоятыным болады. Кезекті шолуым youtubeтан жаңа бір нәрсені үйреніп, арасында КВН видеороликтерін қарап көңілімді көтерісімен аяқталады. Бұл рутиналық тәртіп, байқағанымдай, достарым арасында жиі кездеседі.

Қазіргі жастар бұрыннан көп оқиды, таниды. Бірақ ол қағаз кітап формасында емес, жаңаша заманға байланысты интернеттегі мақалалар мен посттар, электронды журналдар мен кітаптар, видеосабақтар. Сондай-ақ, жаңа адамдармен сұхбаттасып, пікір алмасады. Осылай көп уақыт өткізетіні рас. Олар әлемде не болып жатқаны, қандай мәселе де болсын оның өзектілігін аңғарып, өз пікірлерін еркін білдіреді.


image shows plenty of info to find on th Web


Қазіргі интернет пайдаланушыға шетел тілін білсе жеткілікті. Оған әрбір саладағы мәлімет ашық. Қызықтысы, кейде сәйкес контент тым көп болғандықтан, ең әдемісін таңдауға қиынға соғады. Бірақ, Қазнет басқаша. Бастапқы сатыда болғандықтан, жағдай дұрысталады деп сенемін, соған үлесімді қосамын, алайда бүгінгі таңда, шыны керек, сәйкес кәсіпқой контент аз.

Мысалы, Googleдан “ғылым технология инновация бизнес” жеке сөздерін ағылшынша тергенімде (science technology innovation business) 331 000 000 жауап қайырыпты. Ал қазақша тергенімде 133000 нәтиже ғана табылыпты. Қызықтысы, осы тақырып бойынша қазақ тілінде шынайы білім беретін, үйретер портал жоқ. Бірақ, біздің жеке меншік колледждері мен университеттердің жарнамасына және сол оқу орнының “инновация, ғылым деңгейі” туралы берілген ақпаратына Google тоқ.

Сол себептен ағылшынша көп оқимын, бірақ кейде орысшасы мен қазақшасы да болады. Шынтуайтына, осы күнге дейін мен қабілетімді дамытатын және ақпараттық саладағы қызықты контенті бар қазнет ресурсы туралы ойлаған емеспін. Ойласам да, ол шикілеу, кейде қызықсыздау деген ойым болғаны өтірік емес. Сондықтан осы жолы мен ерінбей қазақ контенті бұтақтарынан бір шолу жасап, төменде кішкене мәзір дайындадым:


меню ас мәзірі

 

i-Мәзір

“Жаңалықтар” салаты:

  • nur.kz/kk/ – әрбір саладағы жақсылап өңделген ақпараттық ресурстарға мол.
  • baq.kz – бейімделген дизайн, сапалы фото және видео сүйемелдемелер.
  • qamshy.kz – латын харпінде оқуға болады.

Жеңіл “Кітап” тамағы:

  • ikitap.kz– Қазақстанның ашық кітапханасы. Қосымша: тіркелусіз, ақысыз, толтырылған кітап каталогы. Алдар Көсе мультфильм топтамасын, күйлер мен термелерді онлайн тамашалауға болады.
  • yvision.kz/MK/knigi – электронды кітапхана. Қосымша: тіркелусіз, ақысыз, әлем әдебиетін, балалар ертегілерін, энциклопедияларды жүктеп алу функциясы бар.
  • e-history.kz – Қазақстан тарихы және Өлкетану саласы бойынша мультимедиалық портал. Қосымша: сапалы, сенімді үш тілді деректерді қамтиды, электронды мұрағаты мол. Пайдаланушылар арасында пікірсайыстар өткізіледі.
 

“Сауық” сусыны:

  • massaget.kz – өзім бірден ұнатқан сауық порталы. Қызықты блогтар, чат, форум, радио, функциялары қосылған. Одан басқа толық аудиокаталогы мен қазақшаға аударылған сериалдар бар. I-Дос секциясында кейбір керекті программаларды видеосабақтар форматында ұйғаруға болады.
  • yvision.kz – танымал Yvision блог платформасы. Осында көптеген қызықты посттарды оқып тамашалауға болады. Сондай-ақ кез-келген пайдаланушы блог арқылы ойын еркін білдіре алады.
  • kerekinfo.kz – блог платформа, бірақ контенті аздау болса да, сайт құрылысы жағымды. Келешекте мүмкіндігі зор.
  • naqyl.kz – қазақша мотиваторлар әлемі. Сапалы мотиватор жасау және жүктеп алу функциясы бар.
 

“Youtube” десерт:

  • youtube.com/user/NARKESKEN – қазақ тіліндегі youtube арна. Канал плейлистінде Отандық фильмдер, Қазақстанды таныту, “Жайдарман”, қазақ әндері, т.б. бар.
  • youtube.com/user/TVBilim – тұңғыш қазақ тілінде білм беру телеарнасының youtubeтегі арнасы.
 

Қазақ халқы ежелгіден ыстық тамақтың шипалық қасиетін білген-ді. Сондықтан ыстық тағамын бәрінен де жоғары қойып құрметтеген. Мәселен “ет етке, сорпа бетке” дейтінін әжелеріміз, аналарымыздан естиміз. Жоғарыда көрсетілген мәзірден байқағаныңыздай, мен ыстық тамақты енгізген жоқпын. Себебі ол әлі “дайын емес”. Пешіміздің отыны нашарлау болған соң, жайлап піседі. Осыдан түйіндейтінім, қазнет ортасында да дәл сондай ыстық тамақ әлі піскен жоқ сияқты. Бірақ біз бірге соның тез пісуіне үлесін қоса аламыз. Қалай? Отынымызды ауыстырып, көбірек жағуымыз керек. Дәл сондай орыс, ағылшын контенттерінен көңілімізді сәл аударып, қазақша көбірек оқу, жазуға тырысайық. Сондай-ақ, әрбір қазақстандық интернет пайдаланушы қазконтентке кіріп, өздері де қорықпастан сонда білімімен, пікірлерімен еркін бөлісуге ашық болу керек. Сонда ғана шынайы дәмді сорпа пісу керек-тұғын.

 

Оригинал:

Kaznet Digest немесе қазіргі жастарға ұсынар i-тағам

0
0
1846

КРАСОТА изнутри или «Қазақ Аруы 2014»

16 марта впервые в Астане прошел конкурс "Қазақ Аруы - 2014", организованный всеми известным продюсером Баян Есентаевой.

Конкурсу уже 4 года, но именно здесь он проводился впервые. Уже в других новостных источниках Вы видели четко отработанные кадры со сцены и результаты конкурса. А я Вас проведу в закулисье одного из самых красивых конкурсов страны. Там не менее весело)

Все мы понимаем насколько жестким проходит отбор, если это проект Баян Есентаевой. Девушки в возрасте от 16-22 лет должны иметь не только бесспорно природную восточную красоту с ростом 170 см и длинные волосы, но и отлично владеть государственным языком, знать традиции и обычаи казахского народа.

Кастинг проходил только в двух городах - Астаны и Алматы. Количество желающих претенденток не уточняла. Зато знаю сумму участия - 50 000 тенге . Сразу попробую успокоить ваше вдруг возникшее недовольство. Имея опыт организации на студенческом уровне подобного конкурса это оплата уроков хореографии, визажиста и т.д.

Количество девушек принявшее участие в конкурсе было 21. И их уже можно было бы считать победительницами. Но этого мало.

Целый месяц команда Баян Есентаевой, профессиональные хореографы, режиссеры, дизайнеры, визажисты, стилисты готовили  девушек к самому главному конкурсному дню. И как сказали сами конкурсантки – они очень подружились между собой. К сожалению или к счастью никаких драк, порезанных платьев, кислоты и стекла в пудреницах не было :)

Звезды казахстанской эстрады, тоже не теряли времени. Понимая свою социальную ответственность перед поклонниками, делились своими "горячими" постами с места события через instagram

тут я шутку от Айкына пропустила) но фото очень естественное и жалко было не опубликовать

Любимчики народа - группа МузАрт тоже делают мини репортажи для своего instagam

LIKE ВСЕМ, КТО ЧИТАЕТ ЭТОТ ПОСТ :) (бурная фантазия автора)

минута молчания, ну вы же понимаете как это бывает)

а за стенами, в гримерных последние приготовления. Не всем тут до смеха. Кто то поет, играет на инструментах, бубнит под нос текст для творческого конкурса. Честно - Да! В воздухе чувствовалось огромное напряжение.

Считанные минуты до начала конкурса. Бегают все кроме победительницы прошлого года "Қазақ Аруы - 2013" - Айгерим Канатбаева, она охотно позирует нам (ну и правильно, куда спешить теперь)

Настал тот долгожданный момент. Конкурс Красоты «Қазақ аруы 2014» начался.

Зал не жалел аплодисментов в пользу своих участниц. Будто со всех городов Казахстана приехали именно на этот конкурс. Центральный концертный зал «Казахстан» был будто специально разделен на регионы: Астана, Алмата, Карагандинская область, Костанайская область, Южно-Казахстанская область, Мангыстауская область, Актюбинская область, Восточно - Казахстанская область, Северо-Казахстанская область, Жамбылская область, Павлодарская область.

Мне кажется последующие фотографии комментировать не обязательно. Они Сами за себя говорят...

яркая и зажигательная певица Маржан Арапбаева

потрясающая Жанар Дугалова

Каракат Абдильдина за секунду до выхода на сцену

Анель Аринова экс участница группы КешYOU, а ныне сольная певица уже 2 года является талисманом для участниц конкурса. Так как девушки выступающие в дуэте с Анель выигрывают Гран-При

Конкурс делился на три этапа:

  • Первый - дефиле в платьях от казахстанских дизайнеров
  • Второй -  творческий. Девушкам необходимо было продемонстрировать один из своих талантов. Участницы пели или танцевали с казахстанскими исполнителями, показывали прекрасную актерскую игру либо играли на национальных инструментах.
  • Третий - проверяли знания девушек, задавая вопросы в области обычаев, традиций и истории Казахстана/Қазақ Елі

этот взгляд невозможно было пропустить. Член жюри конкурса - Нуржамал Усенбаева

надеюсь не наскучило, и Вы всё еще смотрите этот пост. А я буду подходить уже к очевидному завершению. А точнее к официальному итогу.

Третье место завоевала столичная представительница Гульмарал Кажихан. Второе место досталось Улпан Нурмановой из Мангыстауской области. Первое место завоевала Аяулым Ергазы, Восточно-Казахстанская область.

Гран-при конкурса и звания "Қазақ аруы - 2014" удостоилась Гульназ Жоланова из Мангыстауской области. Она получила корону от победительницы прошлого года, так же выиграла вечернее платье от дизайнера "JHAKA Fashion" и саукеле ручной работы от Аиды Кауменовой.

 

По завершению торжества, когда зрители уже расходились по домам, у нас единственных была возможности пройти в VIP зал с фотооборудованием и моими вопросами) Но увидев картину как все устали, начиная с Баян и её команды, не стала мучить и сделали пару завершающих фото. Ведь еще будет время..

"Қазақ Аруы - 2014" Гульназ Жоланова и почти весь состав конкурсного жюри.

 

С каждым годом конкурс несет всё больший социальный посыл пропаганды значения государственного языка, знания и почета традиций  и обычаев, а самое главное воспитания современной казахской девушки, как символа чистоты, доброты, непорочности, будущей хранительности очага, матери здоровой нации.

Желаю команде Shineprod. дальнейших успехов и непоколебимости идей Баян Максатовне.

P.S. фото сделаны моим другом и талантливым фотографом Оспан Али

2
5
6657

Көңіліңізді аудартатын 6 тіке хат жарнама форматтары

Көңіліңізді аудартатын 6 тіке хат жарнама форматтары


Тікелей пошталық жарнамалардың әртүрлі формат мен көптеген дизайндары бар. Алайда өзіңіздің ұсыныстарыңызға, индустрияңызға және бюджетіне сәйкес дұрыс шешім қабылдау маңызды. Астыңғы жақта солардың арасынан кеңінен таралған бірнеше форматтарды ұсынамыз:

1. Хат орамадағы жарнама. Ең танымал формат кәдімгі хат орамада келеді. Жалпы айтқанда, “package” хаттан, тапсырыс картасы немесе формасынанн, брошюра, және сыртқы конверттен тұрады. Кейде “lift note” арасына қосылады. “Lift note” қарапайым сөзбен айтқанда, кішігірім жеке басқа арналып жазылған естелік записка (бәлкім 15 x 20 см), тіпті қолмен жазылғандай болып көрінуі мүмкін.

Кейбір сатушылар конвертті жасанды түрде “ресми” қылдыруға тырысады. Соған кейде “Тексерілген адрес”, "Құптау нөмірі" сияқты сөздерді қолданады. Немесе олар "Экспресс Хат Сервисі", "Асығыс", және "Жоғарғы приоритетті хабарлама" сияқты сөздермен жасанды асығыс тудырады. Сондай-ақ, сатушылар аталмыш жолдармен көрініп қалуға немесе көңілді аудартуға тырысады.

2. Self-mailer. Self-mailerлер универсалды, оларды бірнеше жолмен қолдануға болды. Олар кәдімгі журнал тәрізді жіберіледі. Self-mailerлердің көптеген түрлері болады, бірақ үш ерекшесі:

Slim Jim. Осы формат размерлері 15 x 25 см-ден 20 x 56 см-ге дейін бола береді. Элеганттілік жағынан бой бермейді. Әйгілі каталогтардың кейбіреулері Slim Jim форматын кең қолдануда.

Magalog. Размерін жуықтағанда 20 x 28 см. Бұл формат түсі әртүрлі, бостау, және де рас журналға ұқсайды, бірақ олай емес. Шынында, бұл жарнама хаты. Көбінесе денсаулық сақтауға көмекетесетін қосымша дәрмектер сатуда және нәрлі тағамтануда қолданылады.

Digest. Буклетке ұқсайды, оқырман дайджесті тәрізді. Размерлері көбінесе 15 x 23 см болып келеді. Адамдардың көзіне тартымды, қолда ұстауға да жағымды. Сондықтан оқырмандардың материалды көзбен қарап шығуға қызығушылығы артады.

3. Ашық хат, открытка. Жалпы, ең арзан тікелей хат форматы открытка болса керек. Егер сыртындағы хат орамасы болмаса, открыткалар хат орамадағы жарнамаға ұқсайды. Пайдалысы: артық ашу процедурасыз тұтынушыларыңыз бірден басты сауда мүмкіндіктерін байқай алады.

4. CD mailer. Аты өзінен-ақ айтып тұрғандай, ерекшелігі упаковкаға салынатын CD дискте. Осы форматта қысқа хат немесе “lift note” болуы қажет, сондай-ақ жеке басқа арналуы маңызды. Алайда осында ұсыныстарыңызды тікелей енгізуге болмайды, әйтпесе CD дисктің тыңдау қажеті жоғалып, ең қуатты қаруыңыз сыртта қалуы мүмкін.

CD mailer арқылы пәрменді хабарлама жеткізуге болады. Сіз тек қана көзқарастарыңызды бөліп қана қоймай, сондай-ақ тұтынушылар дауысыңызды естіп, арнайы тауар/ұсыныс жөнінде сіздің энтузиазмдарыңызды тыңдауы мүмкін. Артынан хабарласуға жеңіл болу үшін телефон нөміріңізді әлде вебсайт адресін CD-ге қалдыру жөн.

5. Dimensional mail (габаритная почта). Егер сіз шынымен көптеген хаттар арасынан көзге түскіңіз келсе, dimensional mail сіз үшін үздік таңдау болушы еді. Кейде медициналық профессионалдар немесе бизнес орталықтағы жоғарғы лауазымдыларға  тікелей хат жіберілгенде қиыншылықтар туа бастайды. Оның себебі, хаттарды қарастыратын олардың көмекші сақшылары. Осындай кезде, басқа хаттардан ерекшелену үшін dimensional mail, сұранысқа ие.

Дәстүрлі тіке хаттарға қарағанда dimensional mailдың ашылу жиілігі едәуір көбірек. Упаковка ішіндегі “бірдеңе” хат алушының қызығушылын тудырып, соны ашуға әкеледі.

6. Shock-and-awe package. Осы маркетинг тәсілі бұрын сізден тауар немесе сервис жөнінде ақпарат сұрастырған адамдарға көзделген. Сондықтан бұл мұқият ойластырылатын орама (упаковка). Мақсаты – жіберілетін орамадағы материалдар, күтпеген тәттілер арқылы тұтынушылардың сіз туралы алдын-ала ойлайтын болжалдарынан артып түсу, қызығушылықтарын көбейту, қарым-қатынастағы адалдық құру.

Осындай орамаларда әсер қалдыру үшін мүмкіндігінше көптеген тауарлар болуы керек.  Сондай-ақ , орамада не болса да, ішінде атыңыз және логоңыз болуы тиіс. Сіздің мақсатыңыз – тұтынушы орамаға салынған күнтізбеңізді әрбір қолданысы сайын, әлде материалдарды әрбір қарастырған сайын компанияңыз туралы ойлауы қажет.

Аталмыш орамалар, бәрін қоса алғанда, қымбат болуы мүмкін. Бірақ, осылар маркетингке арналған ақшаңызды жұмсаудың ең үздік жолдардың бірі болып табылады.

 

Оригинал:

Көңіліңізді аудартатын 6 тіке хат жарнама форматтары

0
0
949

ҚР Қорғаныс министрлігі: жасұландықтар Республикалық «Сардар» Олимпиадасының жеңімпазы атанды

Бүгін Астана қаласындағы армия генералы сағадат Нұрмағамбетов атындағы Республикалық «Жас ұлан» мектебінде 11-ші сынып оқушылары арасында өткен бірінші Республикалық «Сардар» олимпиадасы жалауын түсірді. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен келген 60-тан астам дарынды оқушылар қатысты.

– Бүгін біз бірінші Республикалық «Сардар» олимпиадасына  қорытынды жасадық. Жарысқа қатысушылар екі тур бойынша мектеп пәндерінен тест, алғашқы әскери дайындық сабағынан норматив, дене шынықтырудан сынақ тапсырды. «Сардар» олимпиадасына  бұл жастар үшін болашақта  жоғары әскери оқу орнына түсуге үлкен мүмкіндік жасайтын шара,-деді Қазақстан республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары  Бақытжан Әбдірайым.

Олимпиада қорытындысы бойынша әділ қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар мен жүлдегерлердің, диплом мен грамотамен марапатталатын оқушылардың есімі анықталды. Бас жүлдені мамандырылған «Арыстан» лицейінің тәрбиеленушісі Нұрбек Рысқожаевқа бұйырды. Бірінші орынды Республикалық «Жас ұлан» мектебінің  тәрбиеленушісі Айбек Құрманғалиев пен  Бернар Ережеп, сондай-ақ мамандырылған «Арыстан» лицейінің тәрбиеленушісі Айбек Керімбек  иеленді. Құрметті екінші орын Республикалық «Жас ұлан» мектебінің тәрбиеленушісі Абылай Биқожа мен мамандырылған «Арыстан» лицейінің тәрбиеленушісі Нәдірбек Нұрлыбековтің (ШҚО) еншгісіне тиді.

– Бүгінгі менің көрсеткіштерім болашақта білімім мен ілімімді дамытуға жігерлендіретін ынталандыру ьолып табылады. Олимпиада  маған өзімнің қабілетімді тексеруге зор мүмкіндік берді. Соның нәтижесінде мен  еліміздің  түпкір-түпкірінен көптеген достар таптым,- деді  Республикалық «Жас ұлан» мектебінің  тәрбиеленушісі Айбек Құрманғалиев.

Шараны ұйымдастырушылар Республикалық «Жас ұлан» мектебінің,  мамандырылған «Арыстан» лицейінің, жалпы білім беретін Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Маңғыстау  Батыс Қазақстан  облыстары мектептерінің дайындықтары жоғары деңгейде екендіктерін атап өтті.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
747

Бас прокуратура алқасының отырысы туралы баспасөз ақпараты

Бүгін Асхат Дауылбаевтың төрағалық етуімен Бас прокуратура алқасының отырысы болып өтті, онда 2012-2013 жылдары жер телімдері мемлекеттік қажеттіктер үшін алынған кездегі заңдылық пен сот-прокурорлық тәжірибенің жай-күйі туралы мәселе қаралды.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/bas-prokuratura-alkasynyn-otyrysy-turaly-baspasoz-akparaty-astana-28-nauryz-2013

0
0
424