Футболдан 2014 жылғы ӘЧ-на қатысатын Бразилия құрамасының тізімі белгілі болды
«Біздің мақсат — әлем чемпионатында жеңіске жету. Бұл мақсатымыздан әлі бас тартқан жоқпыз», — деді Сколари арнайы баспасөз мәслихатында.
Бразилиялықтардың құрамы мынадай:
- қақпашылар — Жулиу Сезар («Торонто», MLS), Джефферсон («Ботафогу»), Виктор («Атлетику Минейру»);
- қорғаушылар — Даниэл Алвес («Барселона»), Марселу («Реал», Испания), Майкон («Рома», Италия), Максвелл («ПСЖ», Франция), Тиагу Силва («ПСЖ», Франция), Данте («Бавария», Германия), Давид Луиз («Челси», Англия), Энрике («Наполи», Италия);
- жартылай қорғаушылар — Луиз Густаву («Вольфсбург», Германия), Паулинью («Тоттенхэм», Англия), Рамирес («Челси», Англия), Фернандинью («Манчестер Сити», Англия), Эрнанес («Интер»), Оскар («Челси», Англия), Виллиан («Челси», Англия);
- шабуылшылар — Халк («ЗЕНИТ», Ресей), Неймар («Барселона», Испания), Фред («Флуминенсе»), Жо («Атлетику Минейру»), Бернард («Шахтер», Украина).
Айта кетейік, 32 команда қатысатын мундиаль 12 маусым мен 13 шілде аралығында өтеді. Алғашқы матч Сан-Паулуда, ал финал Рио-де-Жанейродағы «Маракана» стадионында болады.

