Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Алматы әкімі веложарыс жолында

Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов
Алматыда таңғы сағат 08:30-да Жеңіс күніне орай бұқаралық велосипед жарысы басталды.  Жарысқа қанша адамның қатысып жатқаны әзірге белгісіз. Бірақ алдын ала деректер бойынша сөре сызығына жиналған велосипедшілердің ұзын-ырғасы 500 метрге жеткен.

«Бүгін біздің кезекті веложарысымыз өтіп жатыр. Ол Жеңіс күніне арналған. Бұл жарысқа негізінен қаладағы үш  жоғары оқу орындарының, нақтырақ  айтар болсақ: Қазақ  ұлттық техникалық университеті, әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті және Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваторияның студенттері қатысуда. Сонымен қатар бүгін Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов те бүгін жарыс жолына шыққан», — деді өз сөзінде «Универсиада-2017»  Мемлекеттік қорының маркетинг бойынша бас маманы  Дидар  Сағадиев.

Велосипедшілер жарысы әл-Фараби даңғылы мен Тәттімбет көшесінің қиылысында басталды. Мәре сызығы — ҚР Тұңғыш Президенті атындағы саябақ.

Жеңімпаздарға әр түрлі жүлделер мен сыйлықтар табыс етіледі.

Жарыстың өтуіне байланысты әл-Фараби даңғылы мен Тәттімбет көшесінің қиылысынан бастап ҚР Тұңғыш Президенті атындағы саябаққа (әл-Фараби даңғылы мен Ғ. Мұстафин көшесінің қиылысы) дейін автокөлік қозғалысы жартылай шектелді. Ұйымдастырушылар автокөлік жүргізушілерін өз бағыттарын алдын ала дұрыстап алуларын сұрауда.

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат —  Автор: Жаппарберген Айбота
 
0
0
367

Осы тақырып бойынша

Алматы әкімі веложарыс жолында - Yvision.kz