Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жол қозғалысы қауіпсіздігі саласында әкімшілік жауапкершілікті күшейту жөніндегі ақпарат

Еліміздің заңнамасындағы жол қозғалысы қауіпсіздігі саласына қатысты өзгерістер жолдардағы жағдайды тұрақтандырып, жол-көлік оқиғалары мен олардан зардап шегетіндердің санын азайтады, жол қозғалысына қатысушылардың құқықтық сауатын арттыратын болады.

2012-2013 жылдар аралығында Қазақстанда Жол қозғалысы ережелерінің (бұдан әрі – ЖҚЕ) бұзылуы күрт өсіп кеткені байқалды, ол өз кезегінде жол-көлік оқиғаларының (бұдан әрі – ЖКО), одан қайтыс болғандар мен зардап шеккен азаматтар санының бірнеше есе өсуіне себепші болды. 2013 жылдың өзінде бақылау-өлшеу техникалық құралдары түсіріп, тіркеген ЖҚЕ-ны бұзу көлемі шамамен 90%-ға дейін өсті, сондай-ақ оқиғалар 65%-ға, одан жарақат алғандар саны 71%-ға артты.
Жалпы ЖКО-ның 90%-ы жүргізушілердің кінәсінен, 600-ге жуық оқиға мас күйінде көлік жүргізген азаматтардың кінәсінен болған. Әрбір төртінші ЖКО қозғалыстың жылдамдық режимін сақтамау салдарынан орын алған. Өткен жылы ЖКО-ның шамамен 30%-дан астамы жолдың қарсы бағытына шығып кетуден болған.        
Жол қозғалысына қатысушылардың негізінен қаза тауып және зардап шегу фактілері бойынша ү.ж. сәуір айынан бастап құқық бұзушылықтың 8 құрамы бойынша айыппұл санкциялары өсті. Автокөліктерді мас күйінде жүргізгендігі үшін жауапкершілік күшейтіледі. Жол жылдамдығын асырғандығы, қиылыстар немесе жолдың кесіп өту бөлігінде жүру ережесін бұзғандығы, оңтайландыру ережесін, автокөліктің жолдың жүру бөлігінде, қарсы бағыт немесе басып озу, тоқтау немесе  көлік тұрағында жол жүру ережелеріне сай емес тұрғандығы үшін, сондай-ақ көлік жүргізу кезінде телефон немесе радиостанцияны пайдаланғаны үшін айыппұлдар сомасы өсті.     
Жолдың қарсы бағытына шығып кеткендігі, сондай-ақ полиция қызметкерінің автокөлікті тоқтату жөніндегі заңды талабын орындамағаны үшін автокөлік құралын жүргізу куәлігінен айыру енгізілді.
Айыппұлдардың сомасын белгілеу аясында жолдағы апаттардың төмен деңгейі тіркелген елдердің халықаралық тәжірибесі ескерілді.
Мәлімет үшін: ЖЖЕ бұзғаны үшін ең жоғарғы айыппұл Финляндия мен Швейцарияда, аталған елдердегі айыппұл сомасына шек қойылмаған және бұзушының жылдық кірісіне байланысты есептеледі.
Финляндияда ең аз айыппұл жылдамдық режимін сақтамағаны үшін бір жарым мың евроны құрайды (379 мың теңге.), «қызылға» жүргендігі үшін - €90 (шамамен 23 мың. теңге), қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін - €135 (34 мың теңге). Мұндай айыппұлдар Францияда да қолданылады.
Италияда жол жылдамдығын асырғаны үшін - €750-ден €3119-ға дейін (190 мыңнан 790 мың теңгеге дейін), реттеушінің немесе бағдаршамның тыйым салынатын белгісіне жүргендігі үшін - €90 (22 770 теңге), қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін - €75- €300 (19 – 76 мың теңге).
Жапонияда жылдамдықты асырғандығы үшін ең аз айыппұл сомасы $800 (145 мың теңге), реттеушінің немесе бағдаршамның тыйым салынатын белгісіне жүргендігі үшін – шамамен $420 (76 мың теңгеден астам), тұрақ ережесін бұзғандығы үшін – шамамен $830 (151 мың теңге), қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін - $450 (82 мың теңгеден астам).
АҚШ-та жылдамдықты асырған үшін ең аз айыппұл сомасы $500 (91 мың теңге).
Ақпарат үшін: ІІМ порталында қазіргі таңда жол жүру ережелері бойынша орын алған құқық бұзушылықтар үшін төленетін айыппұлдардың кестесі орналастырылған.   
http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/kdp/KDP/nKDP_UDvizh/nKDP_UDvizh_Shtr
Қазақстан Республикасы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті

 
0
0
450

Осы тақырып бойынша

Жол қозғалысы қауіпсіздігі саласында әкімшілік жауапкершілікті күшейту жөніндегі ақпарат - Yvision.kz