Мемлекет тағдыры – баршамыздың және әрқайсымыздың тағдырымыз
Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің Төрағасы Марат Әзілхановпен әңгіме. – Жақында Дін істері агенттігінің құрылғанына үш жыл толды. Атқарылған істер көпшіліктің көз алдында. Десек те, ең басты нәтижелер ретінде нені атар едіңіз? – Қазір Қазақстандағы діни ахуалды тұрақты деп айтуға толық негіз бар. Бұл – осы салаға жұмсалған орасан зор күш-жігердің нәтижесі. Агенттік тарапынан мемлекеттің дін саласындағы стратегиялық бағытын айқындаған жаңа заң әзірленіп, қолданысқа енгізілді. Діни бірлестіктерді қайта тіркеу жұмысы жүргізіліп, Қазақстанның конфессиялық кеңістігі ретке келтірілді. Осыған дейін ресми тіркелгенімен, жұмыс істемеген көптеген діни бірлестіктер мен діни бірлестік деңгейіне жетпейтін діни топтар жұмысын тоқтатты. Нақты қызмет атқаратын…


