Кадрлар резервінде тұрған прокуратура органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және кәсіби қайта даярлау курстары туралы баспасөз ақпараты (Астана қ., 3 маусым, 2014 жыл)
Бүгін Мемлекет басшысының құқық қорғау жүйесін жаңғырту бойынша қойған талаптарын тиімді жүзеге асыру мақсатында Бас прокуратура Институтының ұйымдастыруымен аудандық және оларға теңестірілген прокурорлардың лауазымдарына ұсыну үшін кадрлар резервінде тұрған прокуратура органдарының қызметкерлеріне кәсіби қайта даярлау курстары ашылды.

